«Закрой глаза…Рисуй со мной весну»

Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында Саран қаласының Мәдениет үйінде «Поэтические кружева», «Жас толқын» клубының мүшелерімен бірлесіп «Закрой глаза…Рисуй со мной весну» атты әдеби қонақжай өткізілді. Кеште қаланың және Қарағанды облысының ақындары, бардтары Макенов А, Мұстафин С. Х., Колесниченко Д., Гурин В. А., Рупчев С, Носова Н.П. сөз сөйледі. Стрелчук Т.В., Шаймурат С, Узуногло А.П. авторлық әндері шырқалды. Кеш керемет шығармашылық жағдайда өтті, қонақтар туған қаласындағы талантты ақындардың шығармашылығымен танысты, қатысушылардың әрқайсысы поэзия әлеміне еніп, жылулық пен сүйіспеншілікке бөленді.