«Зорлық — зомбылықсыз өмір сүру құқығы»

№1 ООК «Зорлық — зомбылықсыз өмір сүру құқығы» диспут-диалогы («зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық акциясы аясында).

Іс – шара барысында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары-мүшелерін тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасымен таныстыру жүргізілді, әйелдерге өз құқықтары туралы ақпарат берілді, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар айтылды.  Отбасының қоғамдағы рөлі, отбасылық тәрбие мәселелері және Аналар кеңесінің қызметі туралы қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Г. Ж. Жүсіпбекова ақпарат берді.

«Біз зорлық-зомбылықсыз өмір үшін!» атты кітап көрмесі ұсынылды, ол әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жаһандық таралуын тоқтатуға шақырады.