24 қазан – Кітапханашылар Күні

Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің кәсіби мерекелері тізбесіне 24 қазан – Кітапханашылар күнін тиісті қаулымен бекітті. Мереке қарсаңында Гоголь атындағы ОӘҒК-да кітапхана ісінің дамуына елеулі үлес қосқан әріптестерімізді марапаттау рәсімі өтті.

Облыс әкімінің Алғыс хатымен «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Мартель Людмила Александровна марапатталды.

Барлық әріптестерімізді, сондай-ақ Қарағанды облысының кітапхана ісі ардагерлерін кәсіби мерекелері Кітапханашы күнімен құттықтаймыз.