«Оpen Air-2023»: «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл»
2023 жылғы 19 мамырда Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп «OPEN AIR» TIL фестивалін өткізді.
Атаулы шараға Саран ОКЖ кітапханашылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — мәдениет және өнер қайраткерлерін, кітапхана саласында белсенді жұмыс істейтін мамандарды қолдау.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев, Франция, Иран және басқа мемлекеттер елшіліктерінің басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты.
«Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сі ҚР Мәдениет және спорт министрінің алғыс хатымен марапатталды.
Фестиваль аясында кітап көрмелері, мастер-класстар, нетворкинг және басқа да кәсіби іс-шаралар ұйымдастырылды. Интерактивті оқыту аймағында ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары «Қазақстан: өткені және бүгіні» және «Қазақстан кітапханаларындағы құжаттарды консервациялау және реставрациялау» дерекқорларына арналған мерзімді баспасөз және жинақ материалдарын іріктеу және библиографиялау» тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді.