Жалпы және балалар психологиясы.
Оқу құралы мазмұны «Жалпы психология», «Балалар психологиясы» пәндері бойынша дәріс материалдарына сәйкес келетін машықтану сабақтарынан, психологиялық тапсырмалардан, психологиялық құбылыстардың мәнін түсінуге мүмкіндік беретін жаттығулар мен тестілерден, қайталау және бекіту сұрақтарынан тұрады. Оқу құралы мазмұнына психологияның жалпы мәселелері, психикалық үрдістер, қалыптар мен қасиеттер, жас ерекшеліктер психологиясы бойынша теориялық материалдар енгізілген. Аталған оқу құралы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының 0105000 – Бастауыш білім, 0101000 –Мектепке дейінгі тәрбие мамандықтары студенттеріне арналған. Сонымен бірге психолог мамандарға, психодиагностикамен және өзін тану мәселелерімен айналысатын оқырмандарға арналады.