«Балалар кітапханасы: идеялар кеңістігі» халықаралық форумы
13-14 қыркүйекте Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Балалар кітапханасы: идеялар кеңістігі» халықаралық форумы өтті.
Форумға Қырғызстан, Ресей елдері балалар кітапханаларының басшылары, балалар жазушылары, Қазақстанның ұлттық және облыс кітапханаларының басшылары, қоғам қайраткерлері қатысты.
Шара барысында Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және қоғамдық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Е.Ш. Әліқұлов., Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының балалар жазушылары секциясының төрағасы Н.Б. Ақыш., ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы және Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы Р.К. Омарбекова; және қазақстандық суретші, «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының белсендісі К. Т. Күйіков құттықтау сөз сөйлеп, ыстық ықыластарын білдірді.
Форумда балалар оқуы, кітап баспасы, балаларды тәрбиелеудегі отбасылық оқудың рөлі туралы мәселелер көтерілді.