«Жамбыл Жабаев – Отанға деген сүйіспеншілік поэзиясы» оқу мерекесі.

«Жамбыл Жабаев – Отанға деген сүйіспеншілік поэзиясы» оқу мерекесі.

«Kitap Time 2024» республикалық кітап фестивалі аясында Жамбыл Жабаевтың ескерткіші жанында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған «Жамбыл Жабаев – Отанға деген сүйіспеншілікті поэзия арқылы» атты оқу мерекесі өткізілді. Шараға ардагерлер кеңесінің мүшелері, Абай атындағы СЖГТК, СТК студенттері пен педагогтары, Абай атындағы №4 ЖББМ, №1 МЛ оқушылары және Саран қ. БӨМ оқушылары қатысты. Жүргізушілер И.В. Мирошникова мен Ж.Б. Құрышбекова қатысушыларды  қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармашылығымен таныстырды.

Оқу мерекесінде БӨМ оқушысы Інжу Қабыкен домбырамен күй тартып, (оқытушысы К.Қ.Нұрсафина) Абай атындағы ЖББМ оқушысы  Данажан Құмар ән орындады.  Ардагерлер кеңесінің мүшелері Т.И. Чапурина мен И.М. Демьянова, СЖГТК және СТК студенттері, Абай атындағы ЖББМ, №1 МЛ оқушылары  Жамбылдың өлеңдерін, ақын И.М. Демьянова «Жамбыл» атты өзінің шығармасын оқыды.

Іс-шара барысында «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Г.Т. Тохметова қатысушыларды құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.