«Еңбек күні»

Еңбек күніне орай коворкингте №17 МГ 9 сынып оқушылары үшін Абай атындағы СЖГТК және СТК өкілдерімен қарым-қатынас сағаты өтті. Басында кітапханашы қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда атап өтілетін «Еңбек күні» мерекесі туралы ақпарт берді. Т.А. Салова мен А.М. Битуова колледждер, мамандықтар, қабылдау және оқу шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Диалог барысында оқушылар сұрақтар қойып, оларға бірден жауап алды. Соңында кітапханашы «кәсіптік және жоғары білім» сериясындағы кітаптармен таныстырып, кітапхана және пайдалану ережелері туралы айтып берді.