«Құйынға» түскен ғұмыр
Табеев Қ. «Құйынға» түскен ғұмыр: деректі хикаят. / Қ. Табеев. – Алматы : ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 2024. – 344 б.
Осыған дейін бірнеше кітабы жарық көрген белгілі журналист-жазушы Қайым — Мұнар Табеевтің бұл кітабында тарихымыздағы айтулы кезен, Тәуелсіздікке бастау болған 1986 жылғы қастерлі Желтоқсан оқиғасындағы жастардың ерлік істері нақты құжаттар мен айғақтар арқылы көркем тілмен баяндалады. Биыл 38 жыл толып отырған Желтоқсан оқиғасы бұрынғы Кеңес Одағындағы халықтардың орталықка деген шексіз үстемдігіне, тоталитарлык-әміршілдік жүйеге қарсы күресуінің бастамасы болды. Ол калың елдің сана-сезімін оятты және қазақ халқының көп ғасырлардан бергі арманы – Қазақстанның азаттығына жол ашты. Үш күндік Желтоқсан дүрбелеңін өз көзімен көріп, көңіл зердесінен өткізе білген автор кейінірек осы оқиғаны жан-жақты зерттеген Парламенттік тексеру комиссиясының сарапшылар тобында белсенді жұмыс істеді. Өз тарапынан желтоқсандықтардың ақталуына ерекше үлес қоскан жазушының қызықты түрлі деректерге толы тарихи жазбалары шынайылығымен тартымды. Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтен бастап, желтоқсандық көптеген тұлғалардың өмір жолы, азаттық жолындағы күресі баяндалады. Кітап Отанды сүю, туған жер мен елді қастерлеу сияқты қазақстандық патриотизмді бойына сіңіріп өсіп келе жатқан жас ұрпақка, студенттер мен жастарға, қалың көпшілікке арналған.