Саран қаласының орталық кітапхана жүйесінің тарихы
Әрбір істің өз тамыры, тарихы, аты бар. Қаламыздың кітапхана ісінің тарихы 1952 жылдан бастау алады.
Сол жылдары Финский кенті аймағында орналасқан №105 байыту фабрикасы кеншілер клубының ғимаратында кітап қорында 15 мың дана кітабы бар алғашқы кітапхана ашылды. Кітапхана басшысы Зинаида Михайловна Скачедубова болды. Кітапхана 1962 жылы Гастелло көшесіне (Финский к.) көшірілді. Меңгірушісі – Елизавета Борисовна Свиридова. Кітапхана 1972-1973 жылдары Абай көшесі, 11-үйге көшірілді. 1975 жылы Орталық қалалаық кітапхана мәртебесін алды. 1980 жылы РТӨ ауданындағы жаңа ғимаратқа көшірілді.
1956 жылдың 20-шілдесінде өз оқырмандарына Ақтас кеншілер кентінің тұрғын үйлерінің бірінде алғашқы кітапхана есігін ашты. Бұл кітапхана Қарағанды қаласының №8 кітапханасы деп аталды. 1956-1961 жылдар аралығында кітапхана меңгерушісі – Людмила Никитична Докукина. 1966 жылы Ақтас кентін Саран қаласына қосу кезінде аталмыш кітапхана №2 қалалық кітапхана болып өзгертілді. 1961-1976 жылдары кітапхана меңгерушісі Татьяна Трофимовна Мамонтова-Трофимова болды. 1975 жылы кітапханаларды орталықтандыру кезінде бұл кітапхана Саран ОКЖ-нің №2 кітапхана бөлімшесі болып өзгертілді. 1976-1989 жылдар аралығында кітапхана меңгерушісі Анна Михайловна Хузахметова болды. Әр жылдары кітапхана жанашырлары және оқырмандары болған атақты тұлғалар:
— жазушы Михаил Ефимович Зуев-Ордынец, Ақтас к. 11 жыл тұрып, өзінің «Вторая весна» повесін жазды. Кітапханашылар Михаил Ефимович өзінің шын досы Л.Н.Докукинаға сыйлыққа тарту еткен кітап стеллажын әлі күнге дейін аялап сақтап келеді.
— ақын Павел Васильевтің жұбайы Елена Александровна;
— облыстық және қалалық газеттердің штаттан тыс корреспонденті Александр Рейн;
— жазушы, жазушылар Одағының мүшесі Семен Фомич Аскинадзе;
— атақты өлкетанушы Юрий Григорьевич Попов, Қарағанды және Қарағанды облысы туралы көптеген кітаптардың авторы.
Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Вячина Нина Федоровна, Виноградова Зоя Александровна, Кирпичникова-Гизбрехт Елена Владимировна, Павловская Ольга Павловна, Шелестий Тамара Эрнстовна.
Камкарьер аймағында 1957 жылы №3 кітапхана ашылды. 1972 жылы кітапхана қалаға қаратылып, Гастелло көшесі бойында орналасқан №1 кітапхана көшірілді.
Кітапхана меңгерушісі – Элла Александровна Финк. 1972-1973 ж.ж. кітапхана 1 «А» ықшам ауданындағы №25 үйге көшірілді. Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Ортнер Лидия Степановна, Шурдумова Валентина, Филимончик Тамара, Кох-Минкина Валентина Анатольевна.
1959 ж. Дубовка кентінде №4 кітапхана ашылды. 1980 ж. кітапхана Абай көшесі, 11, мекен-жайына көшірілді. Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Кирьянчук Елена, Хон Алла Константиновна, Кох-Минкина Валентина Анатольевна, Гофман Роза, Акатьева Нина Матвеевна, Пустовалова Любовь Леонтьевна, Малкова Нина Тимофеевна.
1967 жылдың жазында Ақтас кентіндегі бұрынғы «Солнышко» балалар клубының ғимаратында №2 балалар кітапханасы ашылды. Кітапхананы ашқан –Елена Владимировна Кирпичникова. 1969 жылдың қаңтарында кітапхана Привольная, 68 мекен-жайына көшірілді. 1967 жылдың желтоқсанынан 1997 жылдың қаңтарына дейін кітапхана меңгерушісі Галина Павловна Бельская болды. Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Фельзинг Эмилия Ивановна, Докукина Людмила Никитична.
1969 жылы 5-орам аймағында, Комитерн көшесі, 7-үйде № 5 кітапхана ашылды. Меңгерушісі – Любовь Леонтьевна Пустовалова.
Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Нечаева-Калинина Тамара Владимировна, Ципелева Лидия Симоновна, Кох-Перова Любовь Анатольевна, Бедевкина Галина Ивановна, Штукерт Светлана Викторовна.
1970 жылы автобаза орналасқан аймақта №6 кітапхана ашылды. Меңгерушісі –Любовь Андреевна Сафонова. Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Баклажанская Татьяна, Реванова Тамара Геннадьевна.
1971 жылы Ақтас кенттік Кеңес ғимаратында №7 кітапхана ашылды.
Кітапхана меңгерушісі – Зоя Александровна Виноградова. 1974 ж. кітапхана Привольная к. мекен жайына көшірілді. Орталықтандырылғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: Штерле-Шелестий Тамара Эрнстовна, Филимончик Тамара. 1983 — 1992 жж. кітапхна меңгерушісі- Людмила Александровна Сироткина-Клюева.
1972 ж. Бұл жылы РТӨ ықшам ауданы, 6-үйде №3 балалар кітапханасы ашылды. Кітапхана меңгерушісі –Лидия Симоновна Ципелева. Кітапханаларды орталықтандырғанға дейін кітапханада жұмыс істегендер: В.А. Сокурова., Светлана Викторовна Штукерт.
1974 жыл., РТӨ кент. ауданы. №8 кітапхана ашылды. Кітапхана меңгерушісі –Любовь Андреевна Сафонова. Кітапханада жұмыс істегендер: Ортнер Лидия Степановна, Перова Любовь Анатольевна, Аришина Надежда Ивановна, Политанская Александра Станиславовна.
1964 жыл. Жамбыл к. 67-үй мекен-жайында №1 алғашқы балалар кітапханасы ашылды.
1964 — 1988 жж. кітапхана меңгерушісі –Лидия Алексеевна Амелина. Кітапхана 1975 ж. Орталық балалар кітапханасы мәртебесін алды.
1960 -1970 жылдар аралығында Саран және Актаста 9 кітапхана ашылды, осылайша, Саран қаласы мен Ақтас кентінің әрбір ауданында өз кітапханасы болды.
1974 ж. елдегі кітапханалар тағдырын шешекен КОКП ОК «Еңбекшілердің коммунистік тәрбиесі және ғылыми –техникалық прогрессте кітапхана рөлінің артуы» туралы қаулысы шықты. Қаулыда 1980 жылдардың аяғына дейін мемлекеттік бұқаралық кітапханаларды орталықтандырылған кітапхана жүйесіне біріктіру қарастырылды. Бұл уақытқа дейін біздің қаламызда қалалық мәдениет бөлімінде 10 кітапхана болды.
1975 жылы біз Қарағанды облысы бойынша Орталық қалалық кітапхананы басшылыққа ала отырып, 11 бұқаралық кітапхананы бір жүйеге біріктірген эксперименттік база болдық.
Бұл Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұжымының құрылған кезі болатын. ОКЖ тұңғыш директоры Елизавета Борисовна Свиридова болды. Ол бірнеше ерен мамандарды дайындап, оларға кітапты, оқырманын, өз мамандығын сүюді үйретіп, осы кітап ордасына өз өмірін арнады. Ол қаланың ғана емес, облыстың құрметті адамы болды.
Орталықтандырылған кезден бастап, осы уақытқа дейін жұмыс істегендер, сол кездерді ерекше бір аңсаумен еске алады. Ол кездер керемет толықтырмалар кезі еді (кітапхана айына екі рет жаңа кітаптармен толықтырылатын). Ол кезде оқырмандар кітапханаға мерзімді басылымдарды қарап, арқасын кенге салып, дем алып, бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін келетін. Жаңа кітаптарға қол жеткізу үшін кезекте тұратын.
Толымдау бөлімінің қажырлы еңбегінің арқасында ОКЖ сол кезде де аз болмаған кітап қорының бірыңғай каталогі жасалды.
Орталықтандыру жұмыс жағдайын едәуір өзгертті: әр кітапхананың мүмкіндіктері кеңейтілді, керек-жарақтар мен материалды ресурстар үнемді және орынды қолданылды, кітап қорының құрылымдық сапасы айтарлықтай өзгерді, оқырмандармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері тиімділігін артты, кадрлардың біліктілігін арттыру келешектен зор үміт күттірді.
Сол кездерде кітапханалардың кітапханааралық жүйе бойынша Кеңес Одағының кез келген қаласынан кітаптар мен журнал мақалаларына тапсырыс беріп алғызуға мүмкіндіктері болды. Бұл оқырман студерттер үшін өте ыңғайлы болатын.
Сол кезде еліміздің басты кітапханасы Ленин атындағы мемлекеттік кітапхана (қазір Ресей мемлекеттік кітапханасы), Мәскеу қ. көпшілікке арналған тарихи кітапханасы, Чита, Иркутск, Улан-Уде және т.б. кітапханалар өз кітап қазынасымен бөлісетін. Оқырмандар ОКЖ кітап қорын өзара алмасуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Анна Алексеевна Семинаға шексіз алғыстарын білдіретін. Осы бөлім жұмысының тәжірибесін негізге ала отырып, алдыңғы қатарлы тәжірибе мектебі құрылды.
Орталық қалалық кітапхана қаланың барлық кітапханаларына әдістемелік орталық болды, ауылдық кітапханашыларға көмек қолын берді.
ОКЖ жетекші мамандары кітапханашылардың кәсіби шеберлігін арттыруда ауқымды және тиімді жұмыс атқарып, әріптестеріне жекелей көмек көрсетіп, кітапханалық тәжірибені айқындап, таратты, семинарлар мен практикумдерді өткізді.
ОКЖ жұмысы жинақталып, талданып, бірнеше рет облыстық семинарларға ұсынылды.
Кітапхана қаланың қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді.
Кітапханалар орталықтандырылғаннан бастап, әдістемелік-библиографиялық, толымдау және әдебиетті өңдеу, ОКЖ кітап қорын өзара қолдану, тұрақты емес қызмет көрсету бөлімдері құрылды. ОКЖ ауыстырмалы-резервті қорды қалыптастыруға кірісті.
Тұрақты емес қызмет көрсетуді енгізу жұмыстары жүргізіліп, кәсіпорындардың картотекасы жасалды.
Сол кездің өзінде радиода дүркін-дүркін сөз сөйлеу дәстүрі қалыптастырылды (алдымен РТӨ зауытының радиосы). Кітапхананың «Заводская жизнь» кейіннен «Ваша газета» қалалық газетімен байланысы нығайтылды.
Әдістемелік-библиографиялық бөлім кітапханаларға, демек қала тұрғындарына да жаңа келіп түскен кітаптардың бюллетенін шығарды.
Кітапхана жұмысын анағұрлым жеңілдеткен библиобус алынды.
Ең бастысы – 1980 жылы қазанның шырайлы күні кітап Сарайы, облыстағы ең керемет және жалғыз типтік ғимарат Орталық қалалық кітапхананың ашылуы.
Бұл қала тұрғындары мен кітапханашылар үшін айтулы мереке болды.
Орталық қалалық кітапхана абонемент, оқу залы, кітапсақтау бөлімдерінің бай кітап қорын, әдебиеттің кең қоры мен өнер бөлімінің фоноқұжаттарын оқырмандарға ұсына отырып, көп жылдар бойы «Кітап қазынасы — оқырманға» ұранымен жұмыс істеді.
Бірегей ғимараттың ішінде қаламыздың ақындарымен, сазгерлерімен, жазушыларымен, атақты адамдарымен көптеген кездесу кештері өткізілді. Кітапхана қызметкерлерінің семинарларына Қарағанды облысының барлық аймағынан кітапханашылар келетін.
1975-1985 жылдар аралығында ОКЖ оқу залы жанынан құрылған «Қызықты кездесу» клубы жұмыс істеді (идея авторы Т.П.Пшеничникова). Клуб қонақтары жергілікті суретшілер, ақындар, сазгерлер, өзі жазған әндердің авторлары, қала құрылысының маңдай алды азаматтары, тыңгерлері болды.
Кітапхана қабырғаларында жергілікті кәсіби суретшілер Владимир Кузьмич Ворохобин, А.А.Тимофеевтің жұмыстары көрініс тапты. Сонымен қатар, кітапханашылар суретшінің жесірі Е.Х.Ворохобина сыйға тарту еткен суреттер коллекциясын мақтан етіп, кітапхана музейінде аялап сақтап келеді.
Қала балаларына, жоғарыда айтылғандай, қала орталығында орналасқан, барлық балалалар кітапханалары үшін әдістемелік орталыққа айналған Орталық балалар кітапханасы қызмет көрсетті.
Бізбен бірге жұмыс істеп, жүрегімізде өшпес із қалдырған аялы адамдарды жадымызда мәңгі сақтаймыз. Ол – ОҚК қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Татьяна Павлвна Пшеничникова. Ол бізді өзінің шығармашылық тапқырлығымен, идеяларымен, әр категориядағы оқырмандармен тіл табысу шеберлігімен тәнті ететін. Ол кісі және жұмысы туралы «Индустриальная Караганда» облыстық газеті жазатын.
Ол – ОҚК кітапханашы-аудармашысы Болжан Алькеевна Арыстанбекова. Осы кісі кітапхана қызметкерлерін қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша жұмысты насихаттауға жігерлендіретін. Сол кісінің жетекшілігімен кітапханада Наурыз мерекесіне арналған керемет отбасылық мерекелер өткізілетін.
Ол — өнер туралы әдебиетті насихаттаудың қызықты түрлері бойынша үнемі ізденісте жүретін Лариса Сергеевна Никитина және Елена Николаевна Овчаренко.
Ол — тұрақты емес қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Надежда Ивановна Аришина. Ол кісі РТӨ зауытының, ӘТҚБ, «Юность» зауыт жастарына арналған жатаханасының тұрақты емес қызмет көрсетудің ұйымдастырушысы болды. Бұл жерде ОҚК кітапханашылары импровизаторлық концерттерімен ұласқан әдеби-сазды кештер өткізді.
Ол — Галина Павловна Бельская еді. Оның балалармен жұмыс істеуі – нағыз шеберлік.
Ол – қарым-қатынас жасауда табиғи дарындылықпен және әртістік қасиеттерімен ерекшеленген, шынайылығымен, бірегейлігімен айшықталған көпшілікке арналған іс-шаралар өткізген С.И. Головко және М. А. Гофман.
1996 оптимизациялау жылы қарауында 10 қызмет көрсетіп тұрған ересектер мен балаларға арналған кітапхана бөлімшелерінен 2-і ғана қалған, Орталық қалалық кітапхана басқаруымен Саран қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі сақталып қалды. Бұл екі бөлімше Отбасылық Оқу кітапханасы болып өзгертіліп, ересектер мен балаларға қатар қызмет көрсетті. Айта кету керек, мұндай инновациялық қадам Қарағанды облысы бойынша отбасылық оқу кітапханаларын құру алғаш рет Саран қаласында жасалды.
Орталық балалар кітапханасы, №3, №4 кітапханалардың кітап қорымен №1 Отбасылық Оқу кітапханасы құрылды.
№2 кітапхана қоры №2 балалар кітапханасының кітап қорымен біріктіріліп, №2 Отбасылық оқу кітапханасы құрылды.
Қысқартылып қалған №5, №6, №7, №8 кітапханаларының кітап қоры, Саран қаласы көмір өндірушілерінің кәсіподақ кітапханаларының қоры Орталық қалалық кітапханаға жеткізіліп, кейіннен кітапханаларға таратылды.
Сол жылдары кітапханалар жүйелі түрде жаңадан келіп түсетін кітаптарды толықтыруда, мерзімді басылымдарға жазылуда сияқты біраз қиындықтарға ұшырады.
Тек 2007 жылы ғана қалада екі жаңа кітапхана ашылды. Ересектер мен бала оқырмандарға қызмет көрсететін, 1 «А» ықшам ауданында орналасқан №3 кітапхана бөлімшесі мен Ленин даңғылы, 1, мекен-жайындағы №4 Отбасылық оқу кітапханасы.
Қиын-қастау кезеңдегі өзгерістерге қарамастан, қала кітапханаларының жұмысы ешқашан толастаған емес еді: өзіне қажетті ақпарат алу үшін барлық жастағы оқырмандар келетін, кітапханашылар өз кәсіби шеберліктерін арттырып, жаңа, қызықты, ерекше дүниені үйренді.
2000 жыл. «Шығармашылық идеялар жәрмеңкесі» облыстық мерекесінде «Әдістемелік-библиографиялық материалдар» номинациясы бойынша «Жасай бер, менің туған қалам!» өлкетану сипатындағы жұмыс символдық кітапханалық «Оскарға» лайық деп табылды. Өлкетануға арналған көмекші құралды әзірлегендер: Л.И. Евченко., Л.С.Ортнер., А.М. Хузахметова.
2001 жыл. Л.А. Перова «Жыл кітапханашысы» номинациясы бойынша марапатталды. Қарағанды облысының Мәдениет Департаменті Е.Н.Алексейцеваны Қазақстан Республикасының 10 жылдығына арналған «Кітапханалық фристайл» облыстық байқауына қатысып, 1-орын алғына үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.
2002 жыл. С.И. Головко ОҚК оқу залы әдеби-сазды қонақжайының негізінде Библиотеатрдың құрылуына мұрындық болды. Соның нәтижесінде кітапхана қызметкерлері барлық қойылымдарға қызығушылықпен ат салысып, бірден әртіс болып шыға келді.
Л.И. Евченко «Кітапханалық өлкетану: қалыптасуы, дамуы, болашағы» тақырыбымен рефераторлардың Облыстық байқауына қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды.
2003 ж. Гоголь атындағы Облыстық кітапханаларды дамыту бөлімінің «Қала — ауылға» сериясында «Саран қ. ОКЖ шығармашылық ізденісі» атты әдістемелік құралы шығарылды.
Орталық қалалық кітапхана «Ауылға көмек» номинациясында Шет ауданының кітапханаларын толымдау ісіне көмек қолын ұсынғаны үшін Қарағанды облысының Мәдениет Департаменті тарту еткен бағалы сйылықпен марапатталды.
2003 жылдан бастап, балалар және жасөспірімдер кітабының үлкен сахнада, қаланың Мәдениет ұйінде «Қош келдің, ХХІ ғасыр кітабы» қалалық апталығының салтанатты ашылуы қайта жаңғыртылды. Ауқымды апталықтарды жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Гоголь атындағы облыстық кітапханамен ОКЖ әдіскері Л.С.Ортнердің тәжірибесі жинақталып, «Если работа по душе» брошюрасы шығарылды.
2003 ж. Орталық қалалық кітапханаға алғашқы компьютер алынды. Компьютермен жұмыс істеу тәртібі сағаттарға бөлініп қойылды.
2004 жыл. ОҚК қорды толымдау және каталогтеу бөліміне алғашқы компьютер беріліп, «Библиотека 4.02» бағдарламасы қойылып, ОКЖ Электронды каталогын енгізу қолға алынды.
ОҚК кітапханашылары Саран қаласының 50 жылдық мерей тойына «Тағдырлас қалам — Сараным!» кітабының жазылуына ақпараттар жинақтап, материалдар дайындауға белсене ат салысады.
Саран қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы кітапхана ісіндегі кәсіби шеберлігі мен жаңашылдығы үшін Қарағанды облысы Мәдениет Департаментінің бағалы сыйлықтарымен: компьютер, ксерокс, сканер, модем, теледидармен марапатталды.
Орталық қалалық кітапхана Саран қаласының 50 жылдығына арналған, қала көлемінде тұңғыш оқылым мерекесін ұйымдастырды. Осы шарамен қатар Ж.Жабаев., А.С.Пушкин., А.Гайдар ескерткіштері жанында әдеби оқылымдар өткізілді. Қала тұрғындары үшін оқылым мерекесі жыл сайын өткізілетін дәстүрге айналды.
Саран қаласының 50 жылдығына арналып, қаланың орта жалпы білім беретін мектеп оқушылары жазған «С любовью о книге и чтении» атты шағын шығармалар жинағы шығарылды. Жинақты құрастырушы – ОҚК кітапханашысы С.И.Головко.
Үздік сайттер облыстық байқауына қатысып, «Кітапханалы Саран» электронды сайтын әзірлегені үшін Орталық қалалық кітапхана 2004-ші жыл бойы «Заң» Республикалық мәліметтер базасын тегін қолдану құқына ие болды.
Л.А. Клюева (№2 ООК), А.М. Святоха (№2 ООК), Е.Н. Алексейцева (№1 ООК) шығармашылық ізденіс және «Менің ең жақсы оқырманым» облыстық байқауына қатысқандары үшін Қарағанды облысы Мәдениет Департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
2005 жыл. ОКЖ балалар бөлімшелерінің оқырмандары «Соғыс болды, Жеңіс болды» облыстық шығармалар байқауына қатысты. Барлық шығармалар Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының жинағына енгізілді.
Қарағанды облысының Мәдениет Департаменті мамандығына адалдығы және «Кітапханалық сауаттылықтан библиографиялық мәдениетке дейін» сабақтар циклінің жастар арасында кәсіптік бағдар және кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттау мәселесін кешенді қолдауы (әзірлегендер: С.И.Головко., Л.И.Евченко) және «Таңдау» бағдарламасы (әзірлеген: С.И.Головко) үшін Орталық қалалық кітапхананы ІІ дәрежелі Дипломмен марапаттады.
Абайдың 160 жылдық мерей тойына арналған «Даланың ұлы ақыны» қолжазба кітабының байқауына қатысты. ОҚК оқырмандары Қали Талғат және Серік Ләззаттың жұмыстары үздіктер қатарында аталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Оқырмандарды байқауға дайындаған кітапханашы-аудармашы Г.С.Блялова.
2006 жыл. А.М. Хузахметова кітапхана ісін дамытудағы көпжылдық жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2007 жыл. Астана қаласында өткен оқылымның Халықаралық Конгресінің жұмысына №2 Отбасылық оқу кітапханасының меңгерушісі Е.Ю.Бабив және кітапханашы О.В.Борщ қатысты.
Кітапхана бағдарламасының әзірлеушілері ұсынған РАБИС бағдарламасы алынып, енгізілді.
2008 жыл. №1 ООК кітапханашысы И.Ю.Кириакиди Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында үздік балалар кітапханашылары облыстық байқауы аясында өткізілген шараның «2008 жылдың үздік балалар кітапханашысы» атанды.
2009 жыл. 2009 жылы қараша айының 14-17 аралығында Алматы қаласында, Бегалин атындағы балалар мемлекеттік кітапханасының негізінде ұйымдастырылған «Жанға жылу берген шаңырақ» халықаралық конференция-семинарына №1 Отбасылық оқу кітапханасының меңгерушісі Е.Н. Алексейцева мен №2 Отбасылық оқу кітапханасының меңгерушісі Е.Ю.Бабив қатысты.
2010 жыл. Қалада «Мен оқимын! Біз оқимыз! Барлығы оқиды!» акциясы өтті. Акция аясында ОҚК кітапханашылары Саран қаласындағы мекемелер мен кәсіпорындар басшылары арасында «Атақты адамдар кітап және оқу туралы» әлеуметтік зерттеуін жүргізді.
№4 ООК ұжымы «Әлеуметтік маңызды ойлар мен жобалардың ІІ қалалық жәрмеңкесіне» ұсынған жобасы үшін «Саран қ. Ішкі саясат бөлімі» ММ грамотасымен марапатталды.
№4 ООК «Жастар дауысы» ЖҚБ бірлесе отырып, кітапхана бірлестіктерінің жас оқырмандары арасындағы Қарағанды облысының «Есірткі – болашаққа төнген қара бұлт. Черные тучи над будущим» облыстық шығармашылық жобалар байқауына қатысты. Ұсынылған «Жастар ақпараттық орталықтары арқылы – салауатты өмір салтына» жобасы 2 орынды иеленді. Байқауға қатысушылар Дипломдармен марапатталды.
2011 жыл. «Нашақорлыққа жол жоқ» компьютерлік графиканың виртуалды республикалық байқауының қорытындысы бойынша, Бектұров атындағы балалар және жасөспірімдер облыстық кітапханасының бастамасымен ОҚК кітапханашысы А.И.Федорованың жұмысы көзге түсіп, мақтау қағазымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Алғашқы кітапханалық бейне ролик шығарылды.
2012 жыл. Бұл жыл біздің әріптестеріміз үшін ерекше жыл болды. ОҚК әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі Л.С.Ортнер «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және №4 ООК меңгерушісі А.Ф.Кожевникова Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлығының «Үздік кітапханашы 2012» номинациясының иегері атанды.
2013 жыл. №2 ООК меңгерушісі Е.Ю.Бабив Қарағанды облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының бастамасымен Орталық қалалық кітапхана негізінде Қарағанды облысы балалалар кітапханашыларының «Возродить семейные чтения» атты семинары өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында Ж.Бектұро атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жария еткен «Еселі еңбек асқақ мұраттарға жеткізеді» жастардың облыстық мультимедиялық байқауының қорытындысы бойынша ОҚК кітапханашылары Федорова А.И. және Уракова М.С.бейнежазба жасағандары үшін Мақтау қағаздарымен марапатталды.
2014 жыл. КАБИС кітапханалық бағдарламасы алынып, енгізілді.
ОКЖ Электронды каталогі дамуын жалғастыруда.
Қолданушылар үшін ОҚК оқу залында Wi-Fi орнатылған.
ОКЖ тарихы аяқталған жоқ, оның жалғасы бар. Алдымызда біздің кәсібімізді қызықты ойлар, соны жетістіктер мен жаңа адамдар күтіп тұр.
Бүгінгі күнде өз мамандығын тағдырына айналдырып, кітапхана ісінде есімдерін алтын әріппен қалдырған жандар жайлы мақтанышпен айтамыз. Олар кітапхана еңбегінің ардагерлері: Свиридова Елизавета Борисовна, Трофимова Татьяна Трофимовна, Бельская Галина Павловна, Павловская Ольга Павловна, Корчагина Лидия Ивановна, Амелина Лидия Алексеевна, Хон Алла Константиновна, Мартель Людмила Александровна, Ортнер Лидия Степановна, Перова Любовь Анатольевна, Хузахметова Анна Михайловна, Волкова Надежда Александровна, Реванова Тамара Геннадьевна, Никитина Ольга Семеновна, Евченко Любовь Ивановна.
Олар ардагерлер ізін басқан, кәсібіне 15-20 жылын арнаған: Алексейцева Е.Н., Толмачева В.Е., Панкратова Т, А., Клюева Л.А., Бабив Е.Ю., Кожевникова А.Ф., Голикова М.Г.
Бүгінгі таңда кітапхана еңбегі ардагерлерінің эстафетасын жалғастырушыларға сәттілік тілейміз. Олар: Федорова А.И., Кириакиди И. Ю., Борщ О. В., Борщ Т.В., Лаухина О.А., Фалик Ж.Д., Воробей О.В., Мирошникова И.В., Тугельбаева Б.М., Айтқожина Т.А., Ковшова Л.Н.
2015 жыл Саран қаласының ОКЖ Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған облыстық блогтар байқауына қатысты. «Біздің Абай» блогын кітапхана процестерін автоматтандыру секторы және № 2 ООК кітапханашысы Т.В. Борщ әзірледі. Облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
«Жас толқын» әдеби клубының мүшелері Гоголь атындағы облыстық ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» атты V жыл сайынғы Қасым оқуларына қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.
ОҚК оқырманы, Абай атындағы СГТК студенті – Вильсур Гарифов Н.Гоголь атындағы ОӘҒК ұйымдастырған «Өмір энергиясы» атты фото байқауында екінші орын иеленді.
2015 жылы алғаш рет ОКЖ кітапханашылары қала алаңдарында ҚР Конституциясының қабылдануының 20 жылдығына және Кеншілер күніне арналған кітап Арбатын ұйымдастырды. Күні бойы үш алаң жұмыс істеді: құқықтық, поэтикалық, шығармашылық.
ОКЖ кітапханалары арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жадында да кітапта да – мәңгілік» атты байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқау кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық бастамасын жандандыру және дамыту, азаматтық-патриоттық тәрбие бойынша қызықты жұмыс тәжірибесін анықтау және қорыту мақсатында өткізілді. Жеңімпаздар – № 2 отбасылық оқу кітапханасы
(меңгерушісі. Свиридова Е. Ю.).
Жүйе кітапханашылары «Көк чемоданның саяхаты» атты халықаралық жобасы бойынша үлкен жұмыс атқарды.
КАБИС бағдарламасының екі АРМасы сатып алынды: Bookscan, сканерленген кітаптардың электрондық нұсқаларын жасау; және КАБИС веб, электрондық каталогқа қашықтан қол жеткізу үшін. Сайттың бөлімдерін толтыру бойынша жұмыстар жалғастырылды, «Электрондық каталог», «Саран газеті» қалалық газетінің электрондық нұсқасы қойылды, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізілуде. Сайтқа кіруді бағалау және сайтқа келушілерді талдау үшін 2015 жылғы 1 сәуірден бастап Яндекс метрика есептегіші орнатылды.
Қазан айында кітапхана қызметкерлерін жоспарлы аттестаттау өтті. Аттестаттау қорытындысы бойынша барлық кітапханашылар өздерінің біліктілік деңгейін растады: 6 қызметкер біліктілік санатын арттырды, 22 қызметкер растады.
ОҚК қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі А.И. Федорова «Оқу және оқымау – бір мәселенің екі қыры» атты облыстық семинардың жұмысына қатысып, «Электрондық кітапхана – жаңа форматта оқу» әлеуметтанулық зерттеу саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Кәсіби мереке – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні, адал еңбегі, кәсібилігінің жоғары деңгейі, мәдениет пен өнерді сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін қала әкімінің грамоталарымен марапатталды: А.М.Хузахметова, Б.М.Түгелбаева, И.Ю.Кириакиди, О.В.Борщ, Ж.Д.Фалик, О.В.Воробей, ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Саран қаласы әкімінің грамотасымен ОКБ инженер-систематигі В.А.Малков, ОКБ библиографы Л.И.Евченко «Кітапхана ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.
2016 жыл ОКЖ үшін қиын жыл болды: № 4 отбасылық оқу кітапханасы Дубовка кентіндегі № 2 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына көшті және кітапхана-филиал болып қайта аталды. Орталық қалалық кітапхана «Қазақтелеком» жалдамалы ғимараттан Ленин даңғылы № 1 мекен-жайындағы бұрынғы № 4 ООК ғимаратына көшті, қорды орналастырды және кітапхананы оқырмандарға қызмет көрсетуге дайындады. Кітап қорының 50%-дан астамы орын жетіспеуіне байланысты №4 КБ үй-жайында, №2 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында орналастырылды, бұл ОҚК оқырмандарына құжаттарды жеткізу үшін айтарлықтай қиындықтар туғызды. Маусымнан қыркүйекке дейін ОҚК үй-жайында жұмыспен қамту – 2020 Жол картасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілді, кітапхана жұмысын тоқтатқан жоқ, барлық қызметтер қол жетімді болды.
Жылдың маңызды іс-шаралары: «Менің Сарыарқам» жүз томдықтың тұсаукесері, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» іс-шаралар жүйесі, «Чернобыль – адам жадының қайғысы» атты реквием — кеші, «Ертегі сейсенбіден шығармашылық сенбіге дейін» балалар кітабының апталығы, «Оқырман отбасы – оқитын қала» атты әдеби мерекесі.
2016 жылы кітапханашылар кітап пен оқуды насихаттаудың жаңа түрін — буктрейлерлерді құру мен шығаруды игерді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үздік буктрейлерге арналған конкурсқа ОКЖ барлық құрылымдық бөлімшелері қатысты. Байқау жеңімпаздары №3 БФ (1 орын, компьютер алуға сертификат), ОҚК (2 орын, фотоаппарат алуға сертификат), № 2 ООК (3 орын, планшет алуға сертификат) иеленді. Барлық жұмыстар ОКЖ сайтында ұсынылған.
№ 2 ООК оқырмандары Н.Гоголь атындағы ОӘҒК ұйымдастырған «Біз бүкіл Отбасымызбен оқимыз» атты облыстық фото байқауға қатысты. Житковец отбасы «Ақылды бала кішкентайынан кітаппен» атты шынайы фотосуреті үшін 3 орын иеленіп, сыйлық пен дипломмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында № 2 ООК меңгерушісі Е.Ю.Свиридова «Кітапхана ісінің үздігі» белгісімен, қала әкімінің грамотасымен №2 ООК балалар бөлімінің кітапханашысы Л.А.Клюева марапатталды.
2017 жылы бірқатар маңызды күндер мен оқиғалар атап өтілді, соның ішінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, бірқатар бағдарламалық құжаттар мен ОКЖ жұмысы құрылған маңызды мақалалар жарық көрді. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы іске асыру мақсатында «Бұл – менің отаным» атты кітапханалық өлкетану бағдарламасы әзірленді.
ОКЖ ұжымы «Картадағы есім» өлкетану жобасы аясында Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайына, Долинка кентіндегі Қарлагқа, Теміртау қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев мұражайына экскурсияға барды. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне бару айтарлықтай есте қалды.
№ 2 отбасылық оқу кітапханасында балалармен жұмыс істейтін кітапханашылардың «ХХІ ғасырдағы патриотизм: өткен мен заманауи тәжірибе негізінде дәстүр қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Семинарды Қарағанды қаласы Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы ұйымдастырды.
№ 1 отбасылық оқу кітапханасымен «Колокольчик» бөбекжайы «Қуанышпен оқу» бағдарламасы аясында «Жас оқырман» әлеуметтік – педагогикалық жоба бойынша бірлескен жұмыс бастады. Алғаш рет «Бөбектерге арналған кітаптар» атты қалалық акция ұйымдастырылды.
ОКЖ директоры Л.А.Мартель, ОҚК әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Т.А.Панкратова «Кітапхана – диалог және даму орталығы: жаңару парадигмасы» атты II облыстық кеңейтілген семинар жұмысына қатысты. ОҚК кітапхана процестерін автоматтандыру секторының меңгерушісі А.Р.Ақшалаков «Жас кітапханашылар форумын өткізуді жоспарлап отыр» атты жас кітапханашылар форумына қатысты.
«Үздік кітапханашы» дипломымен және мәдениет басқармасының сыйлығымен №2 ООК балалар бөлімінің кітапханашысы Л.А.Клюева, Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының грамотасымен ӘББ меңгерушісі Т.А.Панкратова марапатталды.
ОҚК қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Б.Түгелбаева және № 3 КБ кітапханашысы А.Қожанова «2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстан Республикасында тілдерді дамытқаны және қолданғаны үшін, осы бағыттағы қаланың дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен» марапатталды.
Ақтас кенті әкімінің Алғыс хатымен Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған халықтық мәдениеттер фестивалін өткізуге белсенді қатысқаны үшін № 2 ООК ұжымы марапатталды.
ОЖ кітапханаларының материалдық – техникалық базасы жақсарды: жаңа жиһаз сатып алынды: №1 ООК, №2 ООК, №3 КБ үшін көрме және кітап сөрелері және техникалық құралдар: сандық фотокамера, түрлі-түсті лазерлік принтер, проектор, экран, ламинатор.
2018 жыл «Қазақстан кітапханасы» партиялық жобасын іске асыру аясында Орталық қалалық кітапханада коворкинг – орталығы ашылды. Келушілердің қызметтеріне: Wi-Fi – пайдалану аймағы; Интернетке шығатын компьютерлер, принтер, сканер, ксерокс.
ОКЖ кітапханашылары қалаға арналған фотоальбом дайындау жөніндегі редакциялық комиссияның құрамына кірді. Ұлытаудағы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Халықаралық «Жезкиік» халықтық музыка фестивалінің жұмысына қатысты.
«Жас толқын» әдеби клубының мүшелері Руслан Базаркулов Шығыс Қазақстан облыстық балалар – жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Мұхтар Әуезовті оқимыз» халықаралық интернет-конкурсына қатысып, 2 орынға ие болды. Толкынай Ивилхаваскызының сұхбаты «Адамдардың тағдырындағы елдің тарихы» кітабына енді.
ОҚК абонементінің аға кітапханашысы Г.Ханафина отбасымен «Мерейлі отбасы» қалалық конкурсқа қатысып, екінші орын иеленді.
Қазан айында кәсіби шеберлікті ынталандыру, шығармашылық бастаманы дамыту мақсатында кітапхана қызметкерлері жоспарлы аттестациядан өтті. Аттестация қорытындысы бойынша 14 кітапханашы санатын растады, 10 кітапханашы біліктілік деңгейін көтерді.
«ОКЖ» КММ директоры Л.А.Мартель «Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» атты кітапханашылардың Бүкілқазақстандық съезінің жұмысына қатысты (13-14. 09. 2018).
Астана қ. Назарбаев Университетінде қоғамдық кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренингке ОҚК оқу залының аға кітапханашысы С.Мұстафина қатысты (08-12.10. 2018)
2019 жыл № 2 ООК меңгерушісі Е.Ю.Свиридова «Жыл кітапханашысы» номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаты атанып, «Алтын қобыз» нышанын табысталды.
ОҚК оқу залының кітапханашысы Д.Елешова – «Өткен ғасыр батырлары….» атты Республикалық жастар байқауында 2-ші орын иеленді.
ОҚК балалар бөлімінің оқырманы Р.Бекенов «Ертегімен саяхат» халықаралық байқауында 3 – орынға ие болды /Қазақстан Республикасы бойынша.
Орталық қалалық кітапхана мамандары Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Қоғамның әлеуметтік – мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана» байқауына қатысқаны үшін дипломмен, сертификатпен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жастар жылы аясында ақпараттық мәдениетті арттыру және кітапханаға жастар ортасынан жаңа оқырмандарды тарту мақсатында «Кітапханадағы жастар: жаңа мүмкіндіктер кеңістігі» жобасы әзірленді. Жыл бойы қаланың көрнекті, талантты, қызықты адамдарымен жастармен кездесулер ұйымдастырылды. «Табыстың 100 тарихы» жинағына енген есімдері – №44803 әскери бөлімінің сержанты Дастан Аскеев, Балалар өнер мектебінің оқытушысы Асылбек Санархан, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Антон Чагин, қол күресі жаттықтырушысы Б.Т. Ермағамбетов. Сондай-ақ, «Sunpaper» ЖШС өкілі И.А.Пехтеревтің қатысуымен «Made in KZ» кездесуі болып өтті.
«Бұл менің Отаным» кітапханалық ақпараттық-өлкетану жобасы аясында қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінде 8 ақпараттық кездесу ұйымдастырылды: «Аѕіа Тех» ЖШС, «Galex Plus» ЖШС, Күзембаев атындағы шахта, «СКЭП» ЖШС, Саран қаласының ІІБ, «Қазақтелеком» АҚ және т.б. Жоба бойынша ақпарат «ОКЖ» сайтында, әлеуметтік желілерде және «Саран газеті» жарияланды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыты «Ұлттық бірегейлікті сақтау».
«SARYARQA» телеарнасында 2 бейне сюжет («Истоки» әдеби-тарихи клубының «Қаламыздың арқалы азаматы» отырысы) және «Бесінші арна» телеарнасында («Табысты адамдар көп оқиды» оқырман бенефисі) болып өтті.
Әдістемелік-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Т.А.Панкратова Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ұлы даланың жеті қыры: кітапханалардың Қазақстан қоғамның рухани дамуындағы рөлі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
ОҚК о/з кітапханашылары С.Мұстафина мен Д.Елешова Ұлытау ауданында өткен «Жезкиік» халықаралық фестиваліне қатысты. /23-24.08.2019
ОКЖ балалар бөлімдерінің кітапханашылары О.Воробей, А.Қожанова Жаңаарқа ОКЖ Орталық аудандық кітапханасы негізінде ұйымдастырылған «Оқуды қолдаудағы тиімді коммуникациялар» атты облыстық көшпелі семинардың жұмысына қатысты.
2020 жыл Карантиндік шектеулерге байланысты кітапханалардың жұмысы 2020 жылы онлайн форматқа ауысты. Оқырмандарға қызмет көрсету бір күнге тоқтаған жоқ, бірақ толығымен қашықтықтан болды. Біз оқырмандармен байланыстың барлық қолжетімді арналарын — кітапхана сайтын, әлеуметтік желілерді, телефонды, электрондық поштаны қарқындаттық. ОКЖ ұйымдастырған көптеген іс-шаралар оқшауланған адамдарға елде болып жатқан оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік берді. Кітапханашылар кітапханадан тыс оқырмандармен қарым-қатынас жасай отырып ұйымдастырған ондаған жұмыс түрлерін санауға болады: акциялар, тікелей эфирлер, флешмобтар, челлендждер, әдеби оқулар, «ZOOM» платформасындағы конференциялар.
«ОКЖ» КММ кітапханашылары мен оқырмандары бір жыл ішінде карантиндік шектеулерге қарамастан Халықаралық акцияларға қатысып, сертификаттарымен және дипломдарымен марапатталды: Самара қ. МБММ ұйымдастырған «Книжка на ладошке» VIII халықаралық акциясына қатысқаны үшін «Саран қ. ОКЖ» КММ «Дипломы».
Ростов-на-Дону МБММ ұйымдастырған «# БУКЛУК_2020» өңіраралық фото конкурсына қатысқаны үшін сертификат.
«Кораблик доброты-2020» халықаралық акциясына қатысушының сертификаты
«Книга за 60 секунд-2020» халықаралық акциясына қатысушының сертификаты
«На одной волне» Халықаралық бірлік конкурсының грамотасы. Камила Юдина мен Паулина Фалеева марапатталды.
«Книгофички-2020» халықаралық акциясына қатысушының сертификаты.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ешқашан ұмытылмайды» атты Республикалық интернет-конкурсында І дәрежелі дипломмен ОҚК оқырманы Р.М.Базаркулов марапатталды.
ОҚК оқу залының кітапханасы С.Мұстафина және К.Марченко «Жылдың жас маманы» және «Мемлекеттік тіл болашағым» номинациялары бойынша ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылған Саран қаласы әкімі Е.О. Темірхановтың «Қыран» жастар сыйлығының жеңімпаздары атанды.
«SARYARQA» телеарнасында Отбасы күніне арналған «Бақытты отбасылар» бейне сюжеті көрсетілді. / 13.09.2020
Орталық қалалық кітапхана ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға, мүмкіндігі шектеулі топтарға арналған қолжетімді орта құру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2021 жыл Біз бәріміз 2020 жыл қиын болды деп жиі айтамыз. Алайда 2021 жыл одан да қиын болды. 2020 жыл бәрімізден тез өзгеретін жағдайлар мен сұраныстарға жедел әрекет етуді талап етті. 2021 жыл біздің жұмысты жоспарлау және жаңа тұжырымдамаларды әзірлеу қабілетімізді сынады.
«ВКонтакте», «Facebook», «Instagram», «Одноклассники», ОКЖ сайты сияқты әлеуметтік желілерде кітапханашылар қызметінің негізгі белсенділігі орын алды. Кітапхананың аккаунттарында ақпараттық және ұсынымдық жарияланымдар орналастырылды, тікелей эфирлер, конкурстар мен викториналар өткізілді. Сондай-ақ, 2021 жылы ОКЖ кітапханалары біртіндеп дәстүрлі іс-шараларға, оқырмандармен тікелей байланысқа орала бастады.
Жыл бойы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған келесі іс-шаралар жүйесі ұйымдастырылып өткізілді: «Қазақстан: Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» оқырмандар конференциясы, «Қазақстан менің тағдырым!», «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік», «Ұлы даланың ұлы адамдары» тарихи экспедициясы, «Тәуелсіздік — әр Қазақстандықтың мақтанышы» кітапханалық акциясы және т. б.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Адалдық алаңы» жобасы аясында ОКЖ «Парасат жолы» орталықтары мен бұрыштары ашылды. Оның негізінде «Біздің ортақ тағдырымыздың тарихы» атты жергілікті шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу, тікелей эфирлер, «Бейбітшілік пен жасампаздық рәміздері», «Аға ұрпақ естеліктеріндегі кіші Отан» атты онлайн-кездесулер, «Абай – ой әміршісі» атты онлайн оқылым, «Жүз жасаған бәйтерек» атты оқу мерекесі және т. б. өткізілді.
Кітапханалар жастарды конкурстар мен кітапханалық іс-шараларға қатысуға тартады. Қуат Еламан мен Төкен Нұрлыбек («Жас толқын» клубы) «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» Х Республикалық Қасымов оқуларына қатысты.
Жыл ағысында ОКЖ республикалық, облыстық және қалалық іс-шараларға белсенді қатысты:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Сарыарқаның жаңа есімдері» атты облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы онлайн-байқауының I дәрежелі дипломымен №2 ООК оқырманы А. В. Сидоренко марапатталды.
№ 2 ООК оқырманы Сабина Жақанша «Гордо греет флаг страны» атты патриоттық өлеңдер мен әндер фестиваліне қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қ.Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Дүниеге келер әлі талай Қасым» қалалық байқауына қатысқаны үшін Грамотамен марапатталды.
ҰОС Жеңісінің 76 жылдығына арналған «Соғыс және музалар» республикалық интернет-фестиваліне қатысқаны үшін III дәрежелі Диплом.
Самара қ. МБММ атынан әкелер күніне арналған акцияға қатысқаан үшін Диплом.
Самара қ. МБММ ұсынған «Книговички – 2022» халықаралық акциясына қатысқаны үшін серификат.
ОҚК оқу залының кітапханашысы Айым Қанапьянова XV Абай оқулары аясында Қарағанды облысының жастары арасында өткен облыстық байқауда «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…» Гран-При жеңімпазы атанды.
«Saryarqa» облыстық телеарнасында Наурыз мейрамына арналған «Бауырсақ Party» бейне сюжеті көрсетілді. / 22.03.2021
«5 арна» телеарнасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Президент ұсынған 30 кітап» бейне сюжеті өтті. 09.11.2021.
2022 жыл
01.01.2023ж. Саран қаласының ОКЖ құжаттық қоры 131 737 сақтау бірлігін құрады: мерзімді басылымдар – 2047 дана, электрондық басылымдар – 80 дана.
2022 жылғы барлық мәдени-бұқаралық жұмыс Қазақстандықтардың оқу белсенділігін арттыруға, оқу мәдениетін дамытуға бағытталған «Оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылды. Жыл бойы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына, Рухани келісім күнінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жүйесі ұйымдастырылды. «Қасым әуен! Қасым жыр! Қасым ақын!» атты ІІ қалалық Қасым оқулары, «М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған іс-шаралар», «Жамбыл Жабаев – ғасыр адамы» атты оқу мерекесі, кітапхана бағдарламалары мен жобаларының жұмысы аясындағы бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Егде жастағы оқырмандар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға кітаптарды үйге жеткізуге бағытталған «Демалыссыз мейірімділік» және «Игі істер марафоны» акцияларына волонтер — оқырмандар мен кітапханашылардың қатысуы бойынша үлкен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізілді, ерекше қажеттіліктері бар оқырмандар үшін «Әлемді мейірімді етейік» акциясы, «Кітап беру уақыты» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Кітапханалар жұмысындағы жаңа және қызықты формат қаланың басты LED-экранында: кітаптар туралы, кітапханаға келген жаңа әдебиеттер туралы, буктрейлерлер, түрлі жарнамалық роликтер, оқуды насихаттайтын іс-шаралар афишалары туралы бейне контентті орналастыру болды.
«Менің Отанымның бастауы» өлкетану жобасы аясында Саран қаласында (Финский кенті) алғашқы кітапхананың ашылуының 70 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Кездесуге орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері, кітапхана ісінің ардагерлері, жұртшылық, БАҚ өкілдері қатысты.
Жыл бойы ОЖ кітапханалары республикалық, облыстық және қалалық іс-шараларға белсенді қатысып, атап өтілді:
1 дәрежелі Диплом Н. В. Гоголь ат. ОӘҒК жариялаған «Қуыршақтар әлемі» облыстық Арт-марафонына қатысқаны үшін (Филатова Е.В.). 2 дәрежелі Диплом «Қуыршақтар әлемі» облыстық Арт-марафонына қатысқаны үшін (Лаухина Я.Б.).
Алғыс хат жазушы Ж. Бектұровтың 110 жылдығына арналған ІІІ Бектұров оқуларының облыстық байқауына «Шежіре жүрек шерткен сыр» және «Дәуір жыршы» номинациялары бойынша қатысқаны үшін (Самиға Нарбай, Дариға Данақызы, Айдана Аймұратова)
Алғыс хат «Жеңіс батырлары» халықаралық интернет – байқауына қатысқаны үшін (Мамонтова Алина)
Алғыс хат «Үздік буктрейлер», «Үздік иллюстрация» номинациялары бойынша облыстық «Лики творчества» өлкетану байқауына қатысқаны үшін (А. Кульметтенова, Р. Ханбеков, Ғ. Қайырбекова)
Облыс әкімінің Алғыс хатымен «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Мартель Людмила Александровна марапатталды.
Саран қаласы әкімінің Грамотасы жоғары кәсібилігі және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін (қорды қалыптастыру бөлімінің жетекшісі Баймұқанова А.К.)
Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Е. Жұмакеновтың Алғыс хаты Балқаш қаласындағы «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңестігі» облыстық семинар–практикумына қатысқаны үшін (№2 ООК О.В. Борщ)
II дәрежелі Диплом Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы жариялаған «Креативті идеялар, инновациялық тәжірибелер қоры» облыстық байқауы (ОҚК абонементінің аға кітапханашысы О.А. Аменова)
II орын дипломы А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай Саран қаласының мекемелері арасында ұйымдастырылған «Ұлттық ономастика – ел айнасы» қалалық байқауы / «ОКЖ» КММ ұжымы (Шамшырақ тобы)
2023 жыл
Әрбір жыл ОКЖ кітапханаларының өміріне халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді жан-жақты, жедел және сапалы ететін өзгерістер енгізеді. 2023 жылдың да өзіндік ерекшелектері бар. Кітапханалардың жұмысын айқындаған басты оқиғалар: Астананың елорда мәртебесін алғанына 25 жыл толуы, ұлттық валюта күніне 30 жыл толуы, жылдың әдеби мерейтойларына арналған іс-шаралар жүйесі болды:
С. Торайғыров пен М. Жұмабаевтың туғанына 130 жыл, Т. Жүргеновтің туғанына 125 жыл, Қ. Қайсеновтің туғанына 105 жыл, М. Әлімбаев пен Т. Ахтановтың туғанына 100 жыл және т. б.
ОҚК алғаш рет «КітапTime – 2023» жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін келесі алаңдар жұмыс істеді: Саран қаласының ақындарының, «Жас толқын» әдеби клубының мүшелерінің қатысуымен «Поэтические кружева» әдеби қонақжай отырысы өткізілді. Шығармашылықты ұнататындарға «Тұмар білезік тоқу» шығармашылық шеберлік сабағы өтті. Қонақтар «Әдеби аукцион» букросингі, «Кітапты тап» викторинасына белсенділікпен қатысып, ерекше, қызықты кітаптар әлемімен танысты. Жас оқырмандар үшін ойындар, байқаулар және «Сиқырлы сандық» викторинасы ұйымдастырылды. «Кітаппен әлем мейірімді және жарқын» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Қарағанды және қала ақындары В.А.Голобородько, Т.В.Стрельчук, О. Ж.Батаева, А.Р.Мұсабеков, Л.В.Шершнева, Д.Пхендамен кездесулер жүйесі ұйымдастырылды.
ОКЖ құрылымдық бөлімдерінің арасында Саран қаласының 70 жылдығына арналған «Үздік өлкетану құралы» байқауы өтті. Нәтижесінде 5 құрал шығарылды: «Шахтерский труд достоин славы», «Земля актасская талантами щедра», «Имя в летописи города», «История, граничащая с современностью: Музей Боевой и Трудовой Славы», «Ақыл сөз – қазынам, шешендік сөз – өрісім».
ОКЖ оқырмандары мен кітапханашылары 2023 жылы түрлі деңгейдегі кәсіби және шығармашылық конкурстарға қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Жеңімпаз дипломы Н.В. Гоголь ат. ОӘҒК ұйымдастырған «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» облыстық сәндік-қолданбалы Арт-марафонының «Авторлық қуыршақтар» және «Көркем өрнектеу» номинацияларындағы жеңісі үшін / Бамбах А.; Борщ О.В.
1 дәрежелі Диплом Ж. Бектұров ат. ОЖК ұйымдастырған халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған «Сан қырлы талант» республикалық интернет – конкурсының «Мен Тахауи Ахтановты оқимын» номинациясы бойынша/Алтынай Марат.
1 дәрежелі Диплом ҚХА Достық үйі ұйымдастырған Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған өңірлік кәдесыйлар байқауының «Этно-стильдегі кәдесый» номинациясы бойынша / Бамбах Анастасия
3 дәрежелі Диплом «Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы» КММ ұйымдастырған қазақстандық жазушылар О. Бөкей мен М. Қабанбаевтың мерейтойларына арналған «Какое благо – быть!» халықаралық интернет-байқауының «Вокруг книг» және «Живые страницы» номинациялары бойынша/ Шепаев Богдан, Романенко София
Грамота «Ж. Бектұров ат. ОЖК» КММ ұйымдастырған «Мен туған өлкем туралы оқимын» атты облыстық өлкетану интернет-байқауына белсенді қатысқаны үшін/ Марченко Карина В.
Алғыс хат «Ж. Бектұров ат. ОЖК» КММ ұйымдастырған «Мен туған өлкем туралы оқимын» атты облыстық өлкетану интернет-байқауына белсенді қатысқаны үшін/ Колесниченко Д., Кочетова Е., Марченко К., Оспан А., Гельмутдинова А.
Алғыс хат Н.В. Гоголь ат. ОӘҒК ұйымдастырған «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» облыстық сәндік-қолданбалы Арт-марафонына қатысқаны үшін/ Филатова Е.В.; Қайгородова Н.П.
Алғыс хат «Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы» КММ ұйымдастырған қазақстандық жазушылар О. Бөкей мен М. Қабанбаевтың мерейтойларына арналған «Какое благо – быть!» халықаралық интернет-байқауына белсенді қатысқаны үшін/ Баканурская А., Терехова С., Динисламова Э., Чапурина Ю.
Алғыс хат Алаш идеясын насихаттауға қосқан үлесі, Әлихан Бөкейханның мұрасына арналған «Алаштайм» облыстық форум-байқауына қатысқаны үшін/ Өркен Сансарбек
Алғыс хат Ж. Бектұров ат. ОЖК ұйымдастырған XVII Облыстық «Абай мұрасы – халық қазынасы» Абай оқулары байқауында «Қара сөздер» бейнеролигі және «Абай – Ұлы ақын» арнау номинацияларына қатысқаны үшін / Алтынай М., Сансарбек Ө.
Алғыс хат Ж. Бектұров ат. ОЖК ұйымдастырған халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған «Сан қырлы талант» республикалық интернет – байқауына қатысқаны үшін/ №2 ООК кітапханашысы Гельмутдинова А.
Алғыс хат Абай атындағы Облыстық балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойы аясында өткен «Балаларға арналған үздік жоба» облыстық байқауына белсенді қатысқаны үшін / «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Кітапханашылардың жетістіктері:
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 2023 жылғы 16 қазанда «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Л. А. Мартель «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Құрмет грамотасы Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан/ ОҚК аға кітапханашысы О. Лаухина
Алғыс хат Қарағанды облысының әкімі Е.Бөлекпаевтың облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және жаңа қазақстандық қоғам құру ісіне қосқан жеке еңбегі үшін /ӘББ жетекшісі Б.М.Түгелбаева, ОҚК аға редакторы В.Е.Толмачева, №2 ООК кітапханашысы Л.А.Клюева.
Алғыс хат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Ораловтың Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысқаны және қолдағаны үшін №3 БФ аға кітапханашысы Т. А. Айтқожина.
Алғыс хат ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Н. Нұрғалиеваның жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі табысты еңбегіңіз және кітапхана ісін дамытуға қосқан зор үлесіңіз үшін / №1 ООК жетекшісі И.В.Мирошникова.
Алғыс хат Саран қаласының әкімі Е. Баулыковтың адал еңбегі және Саран қаласының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін / ОҚК аға библиографы Т.А.Панкратова
Алғыс хат облыстық балалар кітапханасының 70 жылдығына орай Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан (ОҚК ұжымы)
Алғыс хат Саран қ. ПБ бастығы полиция подполковнигі Т.С.Оспановтан (ОҚК ұжымы)