Абай күніне арналған “Қазақстанның әдебиеті глобусы” атты ақпарат күні

Абай күнін мерекелеу қарсаңында №2 ООК қызметкерлері Ақтас кентінің 44803 ә/б әскери қызметшілерін Ұлы Абайдың шығармашылығымен таныстыру мақсатында “Қазақстанның әдебиеті глобусы” атты ақпарат күнін өткізді. Кездесу қонақтары Ұлы ақынның өмірбаянының қызықты фактілерімен, Абайдың өмірі мен қызметіне байланысты тарихи құжаттармен танысып, “Қара сөздерінен” болашақ ұрпаққа жолдаған әйгілі жолдауларын еске алды. “ Абай мұрасы-бағаға жетпес қазына!» кітап экспозициясында Абай әлемінің бай мұрасы ұсынылды. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушыларды жаңа отандық және шетелдік әдебиеттер және салалық басылымдармен таныстырды.