«Адамзаттың Абайы»

Қазақтың бас ақыны, халықтың мақтанышы Абай Құнанбайұлы күніне арналған «Адамзаттың Абайы» атты дауыстап оқу кеші Саран қаласының орталық кітапханасының коворкинг орталығында өтті. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлын қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, аудармашы, саяси қайраткер, композитор деп танып білуіміз заңдылық. . Ұлы Абайдың туған күніне орай өткізілген шарада Ұлы ғұламаның өлендерін кітапханамыздың оқырмандары оқыды. . Сондай- ақ, ұлы ойшылдың құнды шыгармаларын бүгінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында «Абай» көркем фильмінен үзінді көрсетілді. Кітапханашылар «Абай күні» кітап көрмесіне шолу жасады. Абайдың «Атанның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкірегімізде нық сақтай отырып, әр күні Ұлы ғұламаның бір өленің немесе қара сөзін жүрекпен сезініп оқиық! Себебі, Абай мұрасы – мәңгілік!