«Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының мақтанышы»

№1 отбасылық оқу кітапханасында «Әдеби шоқжұлдыз» мерейтойлық күнтізбесінің аясында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Қазақ халқының мақтанышы» атты портрет кеші өтті.
Оқырмандар қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушысының өмір жолымен және шығармашылығымен танысты.
Соңында «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының мақтанышы» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалды.