Аналар күніне арналған «Ана нұры — махаббат нұры» дөңгелек үстел
№1 ООК Аналар күніне арналған «Ана Нұры – махаббат нұры» атты дөңгелек үстел өткізілді. Қалалық аналар кеңесінің төрағасы Г.Ж. Жүсіпбекова, ақын О.Ж.Бартаева, көп балалы аналар мен әжелер шақырылды. Іс-шара жүргізушілері №1 ООК және №3 КБ кітапханашылары қатысушыларды мереке тарихымен және оның дәстүрлерімен таныстырды. «Әйел болу қандай керемет…» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Отбасының қоғамдағы рөлі, отбасылық тәрбие мәселелері және аналар кеңесінің қызметі туралы қалалық аналар кеңесінің төрағасы Г.Ж. Жүсіпбекова айтып берді.
Талантты ақын О.Ж. Бартаева өз өлеңдерін оқыды.
Іс-шара барысында қонақтар өлең оқып, ән айтып, ананың рөлі туралы әңгімелесті. Ана –отбасының негізі, отбасылық дәстүрлерді сақтаушы.
«Әйелдер практикумы» көңілді мерекелік викторинасына қатысты.
Іс-шара қоғамға ұлттық адамгершілік құндылықтар мен моральдық негіздерді сіңіруге ықпал етеді.