«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»

«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының мүшелеріне арналған «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты дөңгелек үстел өткізілді. 2022 жылғы 05 маусымдағы Республикалық Референдум – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің барлық қазақстандықтар үшін аса маңызды күні. Осыған байланысты еліміздің әрбір азаматы біздің болашағымыз үшін, жаңа Қазақстан үшін дауыс берді.
Кітапханашы қатысушыларды ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың жаңа Қазақстанды құру бағытын жариялауымен таныстырды. Бұл еліміздің барлық заңнамалық базасын және ең алдымен Конституцияны жүйелі түрде жаңарту қажеттілігін негіздейді. Осыған орай, Мемлекет басшысы конституциялық өкілеттіктер шеңберінде қолданыстағы Конституцияға жаңашылдыққа бастамашылық жасау туралы шешім қабылдады.