Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел
2023 жылдың 29 тамызында ОҚК коворкингінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Конституция — нұрлы өмір шырағы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қала әкімдігі, денсаулық сақтау, дін, мәдениет, білім беру өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты. «Саран қ. ОКЖ» КММ директоры Л.А. Мартель сөз алып, қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтады. Іс-шара барысында еліміздің барлық азаматтарының Конституциямен кепілдендірілген құқықтары мен міндеттерінің теңдігі тақырыптары талқыланды. Қоғам қайраткері, саясаттанушы С.Х. Мұстафин еліміздің басты Заңының пайда болу тарихымен таныстырып, ҚР Конституциясындағы өзгерістер жайлы баяндады. «Саран қаласы әкімі аппаратының» инспектор-заңгері Е.В. Нехорошева Конституциялық Сот туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін қозғады және әрбір азамат Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті екенін атап өтті. Саран қаласы мешітінің имамы М.С. Саликов еліміздің азаматтарына дінді таңдау еркіндігі берілетінін және бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген Адамның негізгі құқықтарының бірі болып табылатынын түсіндірді. Педагогикалық еңбек ардагері Л.Н. Кунгурцева қатысушыларға біздің мемлекетімізде тегін білім алуға кепілдік берілетінін еске салып, Орта білім еліміздің барлық азаматтары үшін міндетті болып табылатынын атап өтті. Саран қаласының Орталық ауруханасының Менеджмент және стратегиялық даму бөлімінің меңгерушісі М.А. Абдугалиев өз сөзінде мемлекетіміздің азаматтарының әлеуметтік құқықтарының бірі болып табылатын денсаулық сақтау құқығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттары үшін берілетін жеңілдіктер туралы түсініктеме берді. Шара соңында кітапханашылар «Ата-заң — кемел келешектің кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.