«Ғажайып балалық шақ»

Қала орталығындағы саябақта Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Ғажайып балалық шақ» атты ауқымды іс-шара өтті.  Саябақтағы келесі аймақтар: «Ашық аспан астындағы оқу залы», «Асфальтқа салынатын суреттер фестивалі», «Спорт сайыстары», «Шығармашылық шеберханасы», «Театрландырылған қойылым», «Жедел қызмет техникасы мен жабдықтарының байқауы», «Сауда палаткалары», «Су тапшасымен «Теңіз шайқасы» көрермендер мен бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Ашық аспан астындағы оқу залы «ерекше назарға ие болды. Қаланың жас тұрғындары кітапханалық орындықта ұсынылған заманауи балалар әдебиетімен таныса алады, үстел ойындарына, викториналарға және «Кім бірінші», «Назар аудар! Қателеспе!», «Етіктегі мысық» және т.б. сайыстарына белсене қатысты. Сондай – ақ, өз қолдарымен қолөнер жасауды ұнататындарға «Көбелектер, гусеница  және оригами жасау» бойынша мастер-класстар өткізілді. Іс-шараға белсенді қатысқан балаларға тәтті сыйлықтар берілді.

[smartslider3 slider=»4″]