«Білім елі» кітап бумы

Білім күні – ерекше, қуанышты және салтанатты мереке. Күздің бірінші күнінде кітапхана қызметкерлері білім күніне арналған іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған.

№1 отбасылық оқу кітапханасы жас оқырмандарға арналған «Білім елі» атты кітап мерекесін дайындады. Балалар «Білім еліне» саяхат жасай отырып, тапсырмаларды орындады: ертегі кейіпкерлерін еске алды, рифмдер құрып, әдеби жұмбақтар шешті, сөздерге синонимдер таңдады, құпия хабарламаларды ашты.

Іс-шара соңында, әркім өз қызығушылықтары бойынша кітаптарды қарастырды.