«Әдеби мұра — елдің мәдени коды»
Ақтас кентінің №2 отбасылық оқу кітапханасында Республика күніне арналған «Әдеби мұра — елдің мәдени коды» атты оқырман конференциясы өтті. Кездесу қатысушыларына Ақтас кенті әкімі аппаратының бас маманы Бейсембаев Нұрқанат Төлеутайұлы, Саран қаласының Құрметті азаматы, денсаулық сақтау ардагері Сейітқазина Рымтай Отарқызы жылы лебіздерін білдірді. Отандық әдебиеттің сүйікті шығармалары туралы қонақтардың естеліктері ғана емес, сонымен қатар «Үкі домбыра» домбыра үйірмесі қатысушыларының орындауындағы күйлер, №13 ЖББМ және №16 ЖББМ оқушыларының орындауындағы қазақ ақындарының туған жер туралы өлеңдері еске салды. Бұл кездесу қазақстандық әдебиеттің, рухани мәдениетіміздің маңызды бөлігі, ұлттық қазынамыз екенін дәлелдей түсті.