«Денсаулық – барлық уақыттағы байлық»
23.06.22 ОҚК «Собеседница» клубының «Денсаулық – барлық уақыттағы байлық» тақырыбында отырысы болып өтті. Әңгіме-диалогта қатысушылар дұрыс тамақтану ережелері, гигиена, күн тәртібі, стресс дегеніміз не және онымен қалай күресуге болатындығы туралы ақпарат берді. Денсаулық пен жастықты сақтау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараның қортындысында кітапханашылар «Дені саудың – жаңа сау» кітап көрмесіне шолу жасады, онда салауатты өмір салты, спорт және зиянды әдеттердің адам өмірі мен денсаулығына әсері туралы неғұрлым қызықты басылымдар туралы толық ақпарат ұсынылды.