Иірім. Қадыр Мырза Әлі

«Иірім» — естелік кітап. Ол — эссе жанрына қойылатын күрделі талаптарға түгелдей жауап бере алатын шымыр шығарма. Жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген қазақ ақын-жазушыларының біразы осы кітапта қамтылған. Оқырманды жалықтырмайтын тартымды да татымды тілмен автор өзі көріп, дәріс алған Мұхтар Әуезовтен бастап әдебиетке қатарлас келген біраз дарынды әріптестерінің іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ішкі дүниесін шебер бейнелеген. Ең бастысы — туынды жақсы оқылады. Қызықты.