Кекілбаев,  Әбіш.  Үркер

Кекілбаев,  Әбіш.  Үркер [Мәтін]  / Ә. Кекілбаев. – Алматы : Мазмұндама, 2023. – 736 б. – (Qazaq classics)

«Үркер» — Әбіш Кекілбаевтың кесек туындыларының бірі. Шығармада Кіші жүздің Ресей империясына қосылған кезі шебер суреттеліп, тар жол, тайғақ кешуден өткен қазақ халқының жай-күйі баяндалады. Роман «Тығырық», «Елшілік», «Арбасу», «Айқас» атты төрт бөлімнен тұрады. Тарихымызға негізделген бұл туындының көркемдігі жоғары, оқырман қауымға берер тағылымы мол.