«Келіңіз! Қараңыз! Оқыңыз!» атты ашық есік күні

Орталық қалалық кітапханада күзгі демалыс кезінде №17 МГ оқушылары үшін «Келіңіз! Қараңыз! Оқыңыз!» атты ашық есік күні болып өтті. Бұл күні кітапханашылар кітапханаға экскурсия өткізді, бөлімдермен таныстырды: балалар мен ересектерге арналған абонемент, оқу залы, кітапхананы пайдалану ережелері туралы ақпарт берді, «Кейіпкерді тап» викторинасын өткізді, оның сұрақтарына балалар қуана жауап берді, балалардың назарына «Кітапхана» мультфильмі ұсынылды. Соңында балалар үстел ойындарын ойнап, кітапханаға өз тілектерін қалдырды.