«Кітап ханшайымында қонақта» кітап мерекесі

Саран қаласының Мәдениет үйінде «Саран қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханашылары қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 1 және 2 сынып балаларына арналған «Кітап ханшайымында қонақта» атты кітап мерекесін дайындап, өткізді. Шара барысында балалар Кітап ханшайымы, Дымбілмес, Сайқымазақ, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері Алдар Көсе, Ашкөз бай және Мыстан кемпір сияқты ертегі кейіпкерлерімен кездесті. Мерекенің сәні «БЖШО» КМҚК-ның «Самал жел» хореографиялық ұжымының қойылымы болды. Жас көрермендер ойнап, би билеп, кітап викториналарының сұрақтарына жауап берді. Өйткені, балаларға арналған кітап – тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар таңғажайып саяхаттар мен жаңалықтарға толы жаңа әлем айнасы.

Балалар кітабының мерекесі балаларға жағымды эмоциялар сыйлап, керемет әсер қалдырды.

«Кітап ханшайымында қонақта» кітап мерекесі