«Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» II аймақтық әдістемелік практикумы

29-30.06.2023 «Саран қ. ОКЖ» КММ мамандары Нұра ауданының ОКЖ базасында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі»  II аймақтық әдістемелік практикумының жұмысына қатысты.

Семинар аясында «Мобилография: оқырмандарды кітапханаға келуге шабыттандыратын мобильді контент», «Әлеуметтік желідегі жеке бренд» тақырыптары бойынша оқыту өтті. «Кітапханалық идеялар марафоны», «Электронды кеңістіктегі кітапхана» шығармашылық алаңдарының жұмысына қатысты.