«Конституция нұрлы өмір шырағы» атты дөңгелек үстел
25 тамыз күні Орталық қалалық кітапхананың коворкинг орталығында Конституция күніне арналған «Нұрлы өмір шырағы Ата Заңы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы конституциялық құрылыстың өзекті мәселелерін талқылады, еліміздің Негізгі Заңын жасаудың негізгі тарихи алғышарттары туралы айтты, тәуелсіздік нышандары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, шабыт пен мақтаныш көзі, Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттерін талқылады.