«Мен өз елімнің патриотымын» атты патриоттық кездесу

ОҚК коворкингінде СЖГТК студенттері үшін өткізілген «Мен өз елімнің патриотымын» атты патриоттық кездесу барысында кітапханашы қатысушыларды Ұлы Отан соғысы туралы тарихи фактілермен, Қазақстандықтардың ерліктері туралы мысалдарымен егжей-тегжейлі таныстырды. Қарағандылық ақын В.А. Голобородько майданда болған жақындары туралы қатысушылардың жан дүниесіне терең әсер еткен естеліктері және өлеңдерімен бөлісті. Ардагерлер кеңесінің мүшесі А.К. Хайруллина қаланың ардагерлері, тыл еңбеккерлері туралы айтып берді. Жергілікті ақын Т.Стрельчук соғыс, Ұлы Жеңіс және қазақ батыры Мәншүк Мәметоваға арналған өлеңдерін оқыды.
ОҚК библиографы Т. А. Панкратова тыл еңбеккерлеріне және 1941-1945 жж. соғыс кезіндегі балаларға арналған «И вновь память вернется к войне» атты библиографиялық құралын таныстырды. Нұсқаулықта QR кодтарды сканерлеу арқылы көруге болатын қосымша бейне материалдар ұсынылған. Соңында қонақтар «Сол ұлы жылдарға бас иеміз…»: әдебиеттегі, кескіндемедегі, музыкадағы соғыс» атты адвайзер көрмесімен танысты.