«Парасат жолы» жобасы аясындағы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған  «Халық бірлігі – ел күші» атты фестиваль

№ 1 отбасылық оқу кітапханасы 2022 жылы 28 сәуірде «Парасат жолы» жобасы аясында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған  «Халық бірлігі – ел күші» атты фестиваль ұйымдастырды.

Мақсаты: өз елі, өз халқы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, ҚР тұратын басқа халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеу.

Фестиваль барысында мерекенің шығу тарихы мен Қазақстан халықтары достығының маңыздылығы туралы ақпараттық шолу; Бірінші мамырға арналған шағын викторина; «Кітапты сыйлыққа ал» буккроссингі өткізілді.

«Менің өлкем» кітап көрмесіне шолу жасалды, көрмеде біздің қаламыз және  көрнекті жерлестерімізге арналған «Тағдырлас қалам – Саран», «Саранға 60 жыл», «Saran – Саран», «Біз қазақстандықтармыз!»атты кітаптар ұсынылды.  Қазақстан халқының бай мәдениеті, дәстүрі, өнері бар. Соңында «Біз халықтар достығымен мықтымыз!» атты буктрейлер көрсетілді.