Орталық қалалық кітапханаға экскурсия

«Саран қаласының Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен» бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін Орталық қалалық кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында қонақтар ересектер мен балалар абонементі, оқу залы бөлімдерімен танысты. Олардың назарларына түрлі-түсті суретті панорамалық кітаптар және заманауи 3D суреттері бар қызықты кітап басылымдары ұсынылды. Кітапхана жайлы және ондағы тәртіп ережелері туралы мультфильмдерді тамашалады. Шақырылған қонақтар қарапайым әдеби викторинаға қатысып, «Кеме» және т.б. оригамилар жасады.