«Республикалық референдум – халық еркі»

Саран қаласының Мәдениет үйінде Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлеріне «Республикалық референдум – халық еркі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараның спикері «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Галия Ануарбековна Туртбаева болды. Дөңгелек үстелдің қонақтары: Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты, Азаматтық альянсының Президенті Д.С. Полтаренко, «Аманат» партиясы мүшесі қалалық мәслихат депутаты К.У. Шаяхметов, «Саран қ. ішкі саясат бөлімі» ММ ақпараттық – насихаттау жұмысы секторының меңгерушісі Е.А. Гусева, № 17 мектеп – гимназиясының директоры Н.В. Максименко, саясаттанушы, «Бастау» клубының төрағасы С.Х. Мұстафин, Саран қаласының Жастар орталығының басшысы С.Д. Мустафина, ардагер ұстаз Е.И. Котова, қалалық «Саран газеті» газетінің тілшісі Н.А. Цхай қатысты. Дөңгелек үстелдің қонақтары мен қатысушылары Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаев ұсынған конституциялық реформаға қатысты өз көзқарастарын білдірді. Іс-шара барысында Президенттің 05.06.22ж. өткен республикалық референдумнан кейінгі халыққа үндеуі туралы бейнеролик көрсетілді. Конституциялық түзетулер біздің мемлекеттілігіміздің негіздерін түбегейлі өзгертіп, бүкіл қоғамның дамуына жаңа серпін береді.