Труспекова Х. Жаңа заман сәулеті. Кітап-альбом.-Алматы: «Аспантау», 2018.

Өнер зерттеушісі, ғалым Халима Труспекованың бұл жинағына тәуелсіздік алғаннан кейінгі ширек ғасыр кезеңінде Қазақстанның сәулет өнер саласындағы жаңа жетістіктері жайлы мақалалары еніп отыр. Кітапта сонымен бірге еліміздің бұрынғы астанасы – Алматы қаласында және облыс орталықтарында салынған сәулет нысандары жайлы да кеңінен сөз болады.