«Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі»

Орталық қалалық кітапханада Қазақстанның көпұлтты халқының рухани құндылықтарын нығайту мақсатында Рухани келісім күнінің 30 жылдығына арналған «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының мүшелері Ж.М. Токушева, Т.А. Кучеренко, Ищук Т.И, ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Б.А. Аброев, Саран қаласы мешітінің бас имамы М.С. Саликов, «Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры, Қарағанды облысының АТТ мүшесі, заңгер-дінтанушы С.Қ. Тілекбаев және қала жұртшылығы қатысты.