«Рухани келісім – халық байлығы»

2022 жылғы қазан айының 18 – ші жұлдызында №1 отбасылық оқу кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Парасат жолы» жобасы аясында Рухани келісім күнінің бекітілгеніне 30–жыл толуына байланысты «Рухани келісім – халық байлығы» атты толеранттылық сабағы ұйымдастырылды. Іс–шара барысында білім алушыларға «Толеранттылық» ұғымы таныстырылып, тақырыпқа сай әзірленген бейнематериал ұсынылды. «Қазақстан – рухани келісім орталығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда оқушылар назарына рухани келісім тақырыбына сай келетін кітаптар қоры ұсынылды. Сондай–ақ, іс–шараға қатысушылар дана халқымыздың жауһар мұраларының бірі мақал- мәтелдердің мәнін ашып, оны өзі араларында талқыға салды және топ-топқа бөлініп толеранттылық эмблемасын толтырды. Іс–шара соңында, қатысушылар бір-бірлеріне деген ыстық лебіздерін білдірді.