«Сарыарқа әуендері»

Саран қаласының Мәдениет үйінде «Сарыарқа әуендері» облыстық байқауы өтті, онда көпшілік назарына көшпелі мәдениет және Қазақстан Республикасы күніне арналған «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде көшпелі халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы баяндайтын кітаптар және альбом басылымдары ұсынылды, экспозиция ортасында ағаштан және гипстен жасалған қолөнер, қазақтардың ұлттық интрументтері атрибуттарынан тұратын Фалик Виталийдің жеке көрмесі рәсімделді.