«Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың мақтанышы»

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында коворкингте қала жастары, кітапхана оқырмандары үшін «Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың мақтанышы» атты дөңгелек үстел өтті, онда Саран қ. ҚХА ҚКК төрағасы Б.А. Аброев, «Ардагерлер кеңесі» ҚБ мүшелері Т.А. Кучеренко, Е.П. Бурдковская, Л.В. Семенова, «Саран қаласының Жастар ресурстық орталығы» жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.К. Ханафина, «Поэтические кружева» әдеби қонақжайның жетекшісі Т.В. Стрельчук сөз сөйледі.
Іс-шара барысында қонақтарға «1986 жылғы желтоқсан оқиғалары» атты деректі фильмі көрсетілді. Іс-шара соңында «Жас толқын» клубының мүшелері К.Еркін, К.Азубаева, Г.Шолпанқұл Тәуелсіздік және Қазақстан туралы өлеңдер оқыды және № 7 МИ оқушысы Алтынбек Зайтхан «Мен қазақпын» әнін шырқады.