«Тарих ақиқаты: есте сақтау және ауырсыну»

31 мамыр — Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Осы атаулы күнге №4 кітапхана бөлімшесі №2 ЖББМ-пен бірлесіп «Тарих ақиқаты: естелік және мұң» атты кездесу кешін дайындады. Балаларға еліміздегі қуғын-сүргін кезеңі туралы қысқаша ақпарат беріліп, сол қорқынышты кезеңге арналған «Естен кетпес естелік..» атты кітап көрмесін таныстырды. №2 ЖББМ тарих мұражайының жетекшісі И.Б. Карпов қатысушыларды «Карлаг тұтқындары» экспозициясын көруге шақырды.

Бұл дата — саяси қуғын-сүргін кезінде қаза тапқандардың және зардап шеккендердің барлығын еске алуға арналған тарихтағы қайғылы беттер туралы еске салу күні.