«Тіл — ұлттың жаны» атты дөңгелек үстел.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай Орталық қалалық кітапханада Абай Құнанбаев атындағы СЖГТК студенттері үшін «Тіл – ұлттың жаны» атты іс-шара өтті. Шақырылған қонақтардың назарына мерекенің пайда болу тарихы, сондай-ақ көрнекті ағартушы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы А. Байтұрсынов туралы бейнеролик ұсынылды. Жастар «Истоки» клубының төрағасы Серік Қамзеұлы Мұстафинді және тілдер жөніндегі бас маман Жүпенова Динара Тәрбиеқызын үлкен ықыласпен және қызығушылықпен тыңдады. Олар өз сөздерінде жастарды өз халқының тілі мен мәдениетін сақтауға және дамытуға, әртүрлі ұлт адамдарына құрметпен қарауға және олардың тілі мен дәстүрлерін үйренуге шақырды.