«Времён связующая нить» дөңгелек үстелі

Биыл қазақстандық мәдениеттанушы, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовке 80 жыл толды.
ОҚК-да СЖГТК студенттері үшін осы елеулі оқиғаға арналған «Времён связующая нить» атты дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Кездесу барысында кітапханашы жас ұрпақты жазушының өмір жолы және шығармашылығымен таныстырды. Іс-шараға қатысушылар Мұрат Әуезовтің отандық ғылымды, әдебиетті, кино мен теледидарды дамытуға қосқан елеулі үлесі жайлы білді. Шақырылғандардың назарына шағын бейнероликтер, М.Әуезовтің балалық шағы, әйгілі әкесі туралы естеліктері ұсынылды. Студенттер дөңгелек үстел отырысына белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, қазақ әдебиеті мен тарихы туралы білімдерін көрсетті.