«Жүрекке жеткен сырлы сөздері»

№4 кітапхана-бөлімшесі №2 ЖББМ педагогтары және оқушыларымен бірлесе отырып Абай күніне арналған «Жүрекке жеткен сырлы сөздері» атты дөңгелек үстел өткізді. №2 ЖББМ директорының м.а. А.К. Күзембаева құттықтау сөз сөйледі. И.Б. Карпов М. Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді оқыды. Жергілікті ақын Ю.Б. Селиванова Ұлы ақын шығармашылығының өз шығармаларына әсері туралы айтып берді.