«Жамбыл Жабаев – ғасыр адамы»

Саран қаласының Орталық қалалық кітапханасы  жыл сайын, он жылдан астам уақыт бойы  Ж. Жабаев ескерткіші жанындағы саябақта қалалық іс-шаралар өткізеді.16 қыркүйек күні «Жамбыл Жабаев – ғасыр адамы» атты оқу мерекесі өтті, оған: қалалық газеттің штаттан тыс корреспонденті – Т.В. Стрельчук; ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі, ақын – О.Ж. Бартаева; «Абай атындағы ЖББМ» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі – А.О. Канапиянова; СЖГТК, СТК және мектеп оқушылары мен қала тұрғындары қатысты.