«Жаралы жылдар жаңғырығы» дөңгелек үстелі

31.05.2022 ж. Саран қаласының Орталық қалалық кітапханасының оқу залында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған Саран қалалық мешітінің имамы Ә.Қ. Мәулен, Саран қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Г.Ж. Жүсіпбекова, ардагерлер кеңесінің мүшесі Е.А. Рейслер, тілдерді дамыту орталығының әдіскері К.В. Марченко, №17 МГ кітапханашысы М.Г. Голикова, СТК кітапханашысы М.А. Гофман және СВГТК студенттері қатысып, сол қайғылы жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы естеліктерді үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Тарихтың осы кезеңі туралы естеліктер өлеңдер мен музыкада мәңгі сақталады. БӨМ оқушылары ұсынған музыкалық нөмірлер: Верачини «Ларго» — Алина Колесникова (педагогы О.Н. Габдрахимова), Земля Казахстана» — София Растворова (педагогы Л.М. Идырысова) дөңгелек үстелге қатысушыларға адамзаттың қазіргі және болашақ тарихында осындай трагедиялардың қайталануына жол бермеу үшін өткеннің қатыгез сабақтарын саралауға көмектесті.
Бұл қасіретті жылдар Қазақ жерінде ешқашан қайталанбасын. Қазір біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз. Әрқашан осы тұрақтылық сақталып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры, алар асуларымыз биік болсын!
[smartslider3 slider=»3″]