«Астана туралы 20 қызықты деректермен»

18 шілдеде Астананың 20 жылдығы қарсаңында №2 ООК-да Астанаға өздерінің сыйлығын жасау үшін БиблиоАртКафеде балалар жиналды. Оқу залында Қазақстан және Астана туралы кітаптардың арасында балалар «Астана туралы 20 қызықты деректермен» танысып, Елордамыз Астанаға деген сүйіспеншілік пен оның әсемділігі туралы өлеңдер оқылды. Слайд-презентацияның көмегімен Астананың ғажайып, әсем жерлері еске түсіріліп, мерейгер қалаға виртуалды саяхат жасалды. Балалар асқан қызығушылықпен «Астана, туған күңінмен!» атты ұжымдық ашық хат жасады, 20 шарға балалардың әрқайсысы өз тілектерін жазды. Сондай-ақ, балалар өздерінің қиялдарына ерік беріп, шығармашылық қасиеттерін көрсетіп, құттықтау хаттарын салды.

     
         
       

 


Келулердің саны: 476