"Жазушы, классик, патриот"

№2 ООК қызметкерлері жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай №16 ЖББМ-нің 5 "Ә" сынып оқушыларына "Жазушы, классик, патриот" атты қызықты және ақпаратқа толы жазушы сағатын өткізді. Іс-шара жүргізушілері балаларға атақты жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, оның екі тілдегі шығармаларымен таныстырды. Олар: "Өлгендер қайтып келмейді", "Менің атым Қожа", "Чемпион", "Қайдасың, Гауһар", "Аяжан" және т.б. Іс-шара соңында №2 ООК қызметкерлері дайындаған "Жазушы, классик, патриот" бейнеролигі көрсетілді.


Келулердің саны: 175