ИНФОРМАЦИОННЫЙ БЮЛЛЕТЕНЬ

     

 

Физика әлемі: Пәндік энциклопедия./ Бас.ред. Ж.Тойбаева.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 2-том.-640 б.

«Физика әлемі» пәндік энциклопедиясы- ана тілімізде тұңғыш рет шығарылып отырған 2 томдық жинақ. Энциклопедияда әрбір ұғым мен түсінік кең ауқымды егжей-тегжейлі терең мазмұнды болып баяндалады. Құбылыстың құпия сырлары қалыптасқан теория аясында түсіндірілген. Осы тұрғыдан алғанда «Физика әлемі» пәндік энциклопедиясы тек мектеп оқушыларына ғана емес, физика мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындары студенттеріне де ортақ болмақ.

Табиғат құбылыстарының (мысалы, найзағай, аспанның күркіреуі, домалақ найзағай, кемпірқосақ, Күннің, Айдың құлақтануын, аспанның түсі неліктен көгілдір, Күн батар кезде неліктен Күннің дискісі ұлғайып көрінетінін, поляр шұғыласы, сағым, т.б.) пайда болуын білгісі келетін физика әуесқойларының және көпшілік оқырмандардың танымдық білімін арттырмақ.

         
         
         
     

Бейсенбайулы Ж. Чокан Валиханов/ Ж.Бейсенбайулы.-Астана: Фолиант, 2016.-752 с. + 40 с. фотоилл.

Книга рассказывает о жизни великого казахского ученого, этнографа, фольклориста, отважного путешественника, члена Русского географического обшества Чокана Валиханова (1835-1865). Автор Ж. Бейсенбайулы много лет занимается изучением жизни и творчества выдающегося ученого, прошел по маршруту его «Дневника поездки на Иссык-Куль» (1856), побывал в местах, где жил и творил этот замечательный востоковед и знаменитый географ, по итогам своих наблюдений и исследований написал и издал книги «По следам Чокана» (1977), «Судьба Чокана» (1987), «Чокан» (2009).

В новой книге, созданной на основе богатого фактического материала и дополненной новыми историческими, архивными документами, содержатся важные и конкретные выводы, новые взгляды на многие не известные до сих пор моменты жизни Чокана Валиханова и особенности его эпохи.


 

         
         
         
     

Сүйінбике-ұлы дала аруы: Танымдық-көпшілік басылым/ Құраст.: Ш. Бейсенова, Ж. Әскербекқызы.-Астана: Фолиант,2016.-192 б.

Бұл еңбекте азаттық жолында алғаш құрбан болған қайсар тұлғалар-Сүйінбике ханым мен Сүзге жайлы деректі материалдар жинақталған.

Сүйінбикенің күрделі тағдыры Қазан хандығының құлауымен және сол ғасырдағы тарихи оқиғалармен бірге өріліп, біте қайнасып жатыр.

Дүйім түркі әлемінде есімі осылайша қастерленген Сүйінбике-ханбикенің, Сүзгенің кім болғаны және қандай болғаны туралы білгісі келетін жас ұрпаққа бұл жинақтың берер тағылымы мол деген ойдамыз. Сондай-ақ ата тарихтың қиын-қыстау кезеңдерінде ата-бабалар жүріп өткен жолға, терең тамырластыққа үңіліп, Сүйінбикені және Сүзгені, олардың дәуірін жете тануға талпынған жасқа ой қосары анық.

         
         
         
     

Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық / Құраст.: Ә.Көпіш.-Алматы: «Өнер» баспасы, 2016. 2-кітап.-368 б.

«Өнер» баспасы сонау ежелгі мыңжылдықтардан күні кешегі кезеңімізге дейін қазіргі өазақ даласында немесе одан тыс өмір сүрген және ХХІ ғасырдағы қазақ жұртының рухани, мәдени, тарихи арнасына тікелей қатысы бар тұлғалар туралы қилы-қилы дерекөдерден жинақтап, «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» атты қысқа анықтамалық кітаптар сериясын шығаруға кірісті.

Анықтамалықтың бұл 2-кітабында тарихымыздың ХІХ, ХХ және ХХІ ғасырында өмір сүрген ұлттық қайраткерлер, ақын-жазушылар, күш алыптары, ғалымдар, суретшілер, сәулетші-архитекторлар мен өнер тарландарының өмірі туралы мағлұматтар берілді.

Бұл кітап Елім, Халқым, Жерім деп тебіренетін әрбір қазақтың төрінен де, жүрегінен де өз орнын алатындығына нық сенімдіміз.

         
         
         
     

Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық / Құраст.: Ә.Көпіш.-Алматы: «Өнер» баспасы, 2016. 3-кітап.-424 б.

«Өнер» баспасы сонау ежелгі мыңжылдықтардан күні кешегі кезеңімізге дейін қазіргі өазақ даласында немесе одан тыс өмір сүрген және ХХІ ғасырдағы қазақ жұртының рухани, мәдени, тарихи арнасына тікелей қатысы бар тұлғалар туралы қилы-қилы дерекөдерден жинақтап, «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» атты қысқа анықтамалық кітаптар сериясын шығаруға кірісті.

«Қазақ халқының тарихи тұлғаларының» қолдарыңыздағы бұл 3-кітабы бастан-аяқ тек қана адамзат тарихындағы қасиетті аналарға, соның ішінде қазақтың абыз-аңыз аналары мен қалың елдің туы болып, көш бастаған, ұлттық ар-ұятына, махаббат символына айналған қыздарына арналып отыр.

Бұл кітап Елім, Халқым, Жерім деп тебіренетін әрбір қазақтың төрінен де, жүрегінен де өз орнын алатындығына нық сенімдіміз.

         
         
         
     

Абылайханов Т.Т. Сұрапыл жылдар: деректі әңгіме / Татухан Төлеуғазыұлы Абылайханов – Алматы: «Асыл сөз» баспасы, 2016. - 344 б.

Ата-мекен, жер және ата-тарих – халық анасы.Өз анасын сүю, өзге ананы құрметтеу-әр адамның перзенттік парызы. Қазақ халқын жер бетінен мүлдем жойылып кетуден құтқарған-туған елге, ата-мекенге деген ержүрек ұлдарының шексіз махаббаты. Ғажап құбылыс Шоқан Уалихановтың: «Халықтың кемелденіп, көркеюі үшін ең әуелі азаматтық пен білім керек» деген ой-түйіні адамзат үшін мәңгілік бағдарлама екені ақиқат. Халқымыздың Әлихан Бөкейханов сияқты таңдаулы ұлдары осы нұсқауда бағдаршам етіп, азаттық және білім үшін құрбан болғаны айтылмай келген шындық. Айтқызылмай келген тарихымыздың ақтаңдақтарын айту, тәуелсіздігімізді қорғау аса қажет екені талас тудырмайды.

Бұл кітаптың танымдық, өнегелік, тәрбиелік мәні, маңызы зорлығы сонда.

         
         
         
     

Бақытбек Смағұл Б. Қаһарман. Герой. Книга на казахском и русском языках. /Смағұл Бақытбек.-Алматы, «Хантәңірі», 2016. – 448 б. + 8б. түрлі-түсті жапсырма.

Б.Смағұлдың «Қаһарман» кітабы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығында, 2010 жылы алғаш жарық көрген болатын.

Кітап қалың оқырманға арналған. Әрі батыр бабаларымыздың ерлік жолын жас ұрпақтың санасына берік ұялатуға, жастарды ойы озық, рухы берік етіп, тәрбиелеуге үлес қосары сөзсіз.

Книга Бахытбека Смагула «Герой» была впервые издана на казахском языке под названием «Қаһарман» в 2010 году. По многочисленным просьбам читателей иона переиздана в обновленном варианте на двух языках (казахском и русском) в 2015 году в честь 70-летия Великой Победы.

Богатая драматическими событиями жизнь Бауржана Момышулы предоставляет последующим поколениям обширное поле для исследований. Он был неординарной личностью-имел свое лицо, обладал совокупностью редких качеств,и выделявших его из общей массы.

Книга предназначена для широкого круга читателей.

         
         
         
     

Жалбағаев Е. Қазақтың арғы атасы кім? Номадтар, сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар (Қазақ тарихына бейресми көзқарас.) – Алматы: «Білім» баспасы, 2016. – 176 б.

Кітап - әлемдік тарихи маңызы грек-рим, парсы мәдениетімен парапар, Еуразияда бірнеше империялық мемлекеттер орнатып, адамзат өркениетінің дамуына ерекше үлес қосқан түркілердің және олардың тікелей мұрагері қазақтың да тарихынан сенімді деректерге негізделген мәлімет береді, бірақ еңбек ресми тарих емес, мамандығы дәрігер автордың жеке көзқарасы.

Өз елінің тарихын тереңірек білгісі келетін жастар мен ізденуші ғалымдарға және көпшілік оқырманға арналған, жатық тілмен жазылған, ой қозғайтын оқшау пікірлі шығарма.

         
         
         
       

Ұлы даланың қорғаушылары. Хранители великой степи. Фотокнига / Құраст. Б.Аяған – Алматы: Тай-Кайнар, 2016. – 312 б.

Аталмыш фотокітап Қазақ хандығының құрылуының, тәуелсіз мемлекеттің тұғырнамалық негізі болып табылатын, Қазақстан аймағында өткен процестердің қалыптасуының тарихи сипаттамасы есебінде.

Данная фотокнига представляет собой исторический обзор образования Казахского ханства, формирования процессов, проходивших на территории Казахстана, являвшихся фундаментальной основой независимой государственности.

         
 1 2 3 4

 


Количество посещений: 1882