«Абайла, от!»

 

     

  

«Абайла, от!» танымдық кеңес-әңгімесі

«Жазда кітаппен» бағдарламасы аясында (өрт қауіпсіздігі негіздері бойынша)

№1 ООК кітапханашылары «Қарлығаш» аула клубы балаларына «Абайла, от!» атты танымдық кеңес-әңгіме өткізді.

          Іс-шара барысында балалар жазғы демалысты қалай төтенше оқиғаларсыз өткізуге болатыны, және өз ата-аналарын қалай жөнсіз, ағат қылықтармен ренжітпеу керек екенін білді. Біздің кездесуіміздің ұраны «Абай бол отпен, таңертен, түсте, кешке» болды. Балалар өздерінің білімдері мен біліктіліктерін көрсетті: жұмбақтар шешіп, қауіпті жағдайларды түсіндіріп, пайымдап, талқыға сала отырып, міндетті түрде дұрыс шешім таба білді, ойындар ойнады.

          Сондай-ақ, С.Я. Маршактың «Мысық үйі», «Өрт» және Л.Н. Толстойдың «Өрттен құтқарушы иттер» атты әңгімелері оқылды.

          Іс-шара соңында балалар өздері «Өрт қалқаның» жасады.

   
       

 


Келулердің саны: 661