«Сандық Ғаламшар әлемі» киберкөрмесі

   Заманауи әлемде сандық технологиялар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Сандық технологиялар – ақпарат алмасудың жеделдетілген түрі. Елбасымен қабылданған «Сандық Қазақстан» кешенді бағдарламасы – бұл тұрғындардың өмір сапасын арттыру, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсу жолында сандық экожүйені үдемелі дамыту болып табылады. Кітапхана үшін жастарға ақпараттық ғасырда әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру және оларды ақпаратты тез қабылдауға дайындау өте маңызды.

          «Сандық Ғаламшар әлемі» киберкөрмесі жас қолданушыларды кибернетикамен, жалпы және кәсіби маңызды компьютерлік бағдарламалармен, компьютерде қауіпсіз жұмыс жасаумен таныстыра отырып, Ғаламтордың орасан зор мүмкіндіктерін ашады.

     
         
       

 


Келулердің саны: 380