«Жүректен шыққан алғыс»

Наурыздың бірінші жұлдызында «Нұр Отан» партиясының Саран қалалық филиалында Алғыс айту күніне және «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған «Жүректен шыққан алғыс» атты дөңгелек үстелі өткізілді. Іс-шараға Саран қаласының «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері А.К.Хайруллина, Е.И.Прохорова қатысып, қазақ халқының бауырмалдығын, қонақжайлығын, бүгінде елімізде әртүрлі этностардың тату-тәтті өмір сүріп жатқанын әңгімелеріне арқау етіп, ашық аспан, мызғымас татулықта өмір сүріп жатқанымыз үшін Елбасына алғыс айтуымыз керек деді.

«Нұр Отан» партиясының Саран қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тәжібаева қатысушыларды мерекемен құттықтап, бақыт, әр отбасына игілік, достық пен өсіп-өркендеу тіледі.

Іс-шара барысында «Жас толқын» әдеби клубының мүшелері алғыс айтуға арналған өлеңдерді, Ғалым Гүлім мен Кәмаш Айшагүл жүрек жарды арнауларын оқып, қатысушыларды тәнті етті. №4 ЖББМ оқушылары Алпысбай Айбек, Нұрмаханов Ақжол «Сылқым қыз», «Попурри» күйлерін орындады.

Іс-шара соңында Девевье Иринаның орындауында «Қазақ елі» әні шырқалды.

 

 


Келулердің саны: 183