«Пушкиннің мәңгі өлмес мұрасы»

"Жаз кітаппен бірге" бағдарламасы аясында №2 ООК-нің БиблиоАртКафесінде А.С. Пушкиннің 220 жылдығына арналған «Пушкиннің мәңгі өлмес мұрасы» атты сазды-әдеби кеші өткізілді. Қатысушылар балаларға арналған «Тамаша адамдардың өмірі» сериясының «А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы» ролигін қызығушылықпен тамашалады, Пушкин экспозициясының экспонаттарымен танысты. Мереке далада өсіп тұрған ағаштың жанында өз жалғасын тапты. Ол жерде балалар «Поп және оның Балда есімді қызметшісі туралы ертегі», «Теңіз жағасындағы емен» атты туындыларының аудионұсқасын тыңдады. Караоке-микрофонды пайдалана отырып, «А. Пушкин шығармаларының ішіндегі ең сүйікті ертегісінен үзіндіні әндетіп айту» тапсырмасын көтеріңкі көңіл күймен орындады. Жаз, музыка және поэзия мерекесі өте көңілді болды.

   


Келулердің саны: 320