«Көрінбейтін жолдарда»

Сүйікті орыс ақыны А. С. Пушкиннің ертегілерінен басталатын ертегі әлемі бізге балалық шақтан таныс. Біз ақынның жарқын ертегілері мен өлеңдерін мәңгі есте сақтаймыз. «Көрінбейтін жолдарда» атты саяхат А. С. Пушкиннің ертегілеріне арналды. Кітапханашы А. С. Пушкиннің өмірбаянымен қысқаша таныстырып, балалармен бірге жазушының шығармаларын еске алды. Саяхат барысында қатысушылар Пушкиннің ертегілері бойынша викторина сұрақтарына жауап берді, ертегілердің ең үздік білгірі кім екенін анықтады, жазушының кітаптарымен танысты, «Руслан и Людмила», «У Лукоморья дуб зеленый...» поэмасынан үзінді көрсетті.

     


Келулердің саны: 162