"Кітап және кітапхана тарихынан"кітапханалық-библиографиялық сауаттылық сабағы

20 қыркүйек ОКЖ балалар абонементінің кітапханашысы №17 ЖББМ 6-шы сынып оқушыларына "Кітап және кітапхана тарихынан"кітапханалық-библиографиялық сауаттылық сабағын өткізді. Іс-шара барысында балалар ежелгі заман кітапханалары жайлы біліп, саз тақтайшалар, папирус, пергаменттен жасалған кітаптардан бастап, заманауи электронды басылымдарға дейін кітаптың пайда болу және даму тарихымен танысты. Алтыншы сынып оқушылары іс-шара тақырыбы бойынша кітаптарды қызығушылықпен қарап, сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытты.


Келулердің саны: 143